https://sputnik.kz/20221111/aqsh-ukrainaga-avenger-zenittik-zymyran-keshenin-zhetkizedi-29300194.html
АҚШ Украинаға Avenger зениттік зымыран кешенін жеткізеді
АҚШ Украинаға Avenger зениттік зымыран кешенін жеткізеді
Sputnik Қазақстан
Украинаның әуе шабуылына қарсы берік қорғанысын қалыптастыру үшін америкалықтар Украина Қарулы күштеріне бес шақырымға дейін ұшатын төрт Avenger зениттік... 11.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-11T22:50+0500
2022-11-11T22:50+0500
2022-11-14T15:41+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29284745_0:68:3172:1852_1920x0_80_0_0_8890156f0b11f2608240cb088b09cba0.jpg
Украинаның әуе шабуылына қарсы берік қорғанысын қалыптастыру үшін америкалықтар Украина Қарулы күштеріне бес шақырымға дейін ұшатын төрт Avenger зениттік зымыран кешенін жеткізеді. Дегенмен, батыстық қысқа және орта қашықтықтағы зениттік қарулар Украина аспанын қорғай алмайды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.АҚШ-тың Украинаға әскери көмек пакеттері азайып, Украина Қарулы күштеріне арналған әскери техника мен оқ-дәрілер тізімі біртіндеп қысқарып жатыр. Дегенмен, 10 қарашада Пентагон 400 миллион долларды құрайтын қаруды Киевке беру үшін өз арсеналынан жиырма бесінші рет (2021 жылдың тамызынан бастап) қару-жарақты Украина Қарулы күштеріне бөлді.УКҚ-ға төрт Avenger ЗЗК және оған арналған Stinger зымырандары, HAWK ЗЗК-ға арналған оқ-дәрілер және HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесі, сондай-ақ 155 миллиметрлі артиллериялық снарядтар алады ( 21 мың), 120 миллиметрлі миналар (10 мың ), жүз дана HMMWV көлігі, атыс қаруы және оларға арналған 20 миллион патрон беріледі. Қолданылған қысқа қашықтыққа арналған төрт дана Avenger ЗЗК –дан басқа бұл тізімде таңғалдырарлық техника жоқ.Пентагонның баспасөз хатшысы Сабрина Сингх баспасөз конференциясы кезінде АҚШ Украинаға бұған дейін Stinger зымырандары бар Avenger ЗЗК жолдамағанын және бұл құрал HAWK зымырандарымен бірге Украина Қарулы күштеріне Ресейдің қанатты зымырандарынан және пилотсыз ұшатын аппараттарынан қорғануға көмектесетінін атап өтті. Бірақ, 40 километрге дейін ұшатын HAWK антикварлық кешенінің қарапайым мүмкіндіктері мұндай үлкен міндетті атқара алмайтын сыңайлы.Stinger зымырандарына арналған сегіз оқтұмсығы бар Avenger зениттік зымыран кешенінің оптикалық және тепловизиялық анықтау мен нысананы шолу құралдары, лазерлік қашықтықты өлшеу құралы бар. ХХІ ғасырдың басында жаңартылған Avenger ЗЗК сыртқы радиолокациялық және қашықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныстың командалық пункттерден мақсатты белгілеу бойынша нұсқаулар алуға қабілетті. Алайда 5 500 метрлік ең жоғарғы қашықтығы және 3 800 метрге дейінгі қолжетімді биіктігі оның мүмкіндігін шектейді. Халықаралық нарықтағы сұраныс та көп мәселенің бетін ашып тұр: АҚШ Avenger зениттік зымыран кешенін тек Тайваньға (70 дана) және Мысырға (50 дана) жеткізді."Пентагонның баспасөз хатшысы Сабрина Сингхтың АҚШ пен еуропалық одақтастардың ұсынатын зениттік жүйелердің ұрыс даласындағы жоғары тиімділігі туралы мәлімдемесі жалған ақпарат. Мысалы, Николаевта 11 қарашада Украина Қарулы күштері ұшырған зениттік зымыран тұрғын үйге түсті, қаза тапқандар мен жараланғандар бар", - деп жазды Хроленко.Оның пікірінше, қаражат кез келген армия үшін шешуші рөл атқарады. 2022 жылы Украина АҚШ-тан шамамен 19 миллиард доллар алды, әскери жеткізілімдерді есептемегенде Еуроодақтың көмегі 19 миллиард еуродан астам соманы құрады. 40-тан астам елдің қатысуымен Украина бойынша байланыс тобының жетінші отырысы ("Рамштейн-7") 16 қарашаға жоспарланған.Еуропа жағдайдың қаупі артып жатқанын күннен-күнге жақсы ұғынып келеді. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропаның Украинадағы қақтығысқа көбірек тартылып жатқанын алаңдаушылықпен атап өтті.Бельгиялық сенатор Ален Детекс Causeur басылымына берген сұхбатында Еуропаға Ресеймен соғысты шиеленістіріп жатқан Вашингтонның ығына жығыла беруіне болмайтынын, ол өз саясатын қайта қарауы керек екенін айтты.Француз армиясы Бас штабының бұрынғы басшысы Пьер де Вилье Le Figaro газетіне берген сұхбатында Еуроодақты қақтығысты шешудің дипломатиялық жолын табуға шақырды: "Украинадағы қақтығыс еуропалықтардың, әсіресе француздардың мүддесіне сай емес" деген ол Америкамен тым ұзақ және жүйелі байланыстың артқанына өкініш білдірді.10 қарашада АҚШ Конгресі тағы да көктемге дейін Украинаны қолдауды толық тоқтатуға шақырды. New York Times газетінің ақпараты бойынша, тіпті АҚШ армиясы Біріккен штаб басшылары комитетінің басшысы Марк Милли Ақ үйде өткен жабық отырыстарда келіссөз жүргізуді қолдап отыр.Әскери шолушының пікірінше, Киевке Батыс, ең алдымен АҚШ әскери және қаржылық көмек көрсетпесе, Украинаның Ресейден жеңілетіні белгілі. Батыстың бұл қолдауы НАТО мен Ресей арасындағы тікелей әскери қақтығысқа әкелетіні де түсінікті.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29284745_441:0:3172:2048_1920x0_80_0_0_2fe20b1d8201f4cc2afcfd7fef06ddb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Украинаның әуе шабуылына қарсы берік қорғанысын қалыптастыру үшін америкалықтар Украина Қарулы күштеріне бес шақырымға дейін ұшатын төрт Avenger зениттік зымыран кешенін жеткізеді. Дегенмен, батыстық қысқа және орта қашықтықтағы зениттік қарулар Украина аспанын қорғай алмайды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ-тың Украинаға әскери көмек пакеттері азайып, Украина Қарулы күштеріне арналған әскери техника мен оқ-дәрілер тізімі біртіндеп қысқарып жатыр. Дегенмен, 10 қарашада Пентагон 400 миллион долларды құрайтын қаруды Киевке беру үшін өз арсеналынан жиырма бесінші рет (2021 жылдың тамызынан бастап) қару-жарақты Украина Қарулы күштеріне бөлді.
УКҚ-ға төрт Avenger ЗЗК және оған арналған Stinger зымырандары, HAWK ЗЗК-ға арналған оқ-дәрілер және HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесі, сондай-ақ 155 миллиметрлі артиллериялық снарядтар алады ( 21 мың), 120 миллиметрлі миналар (10 мың ), жүз дана HMMWV көлігі, атыс қаруы және оларға арналған 20 миллион патрон беріледі. Қолданылған қысқа қашықтыққа арналған төрт дана Avenger ЗЗК –дан басқа бұл тізімде таңғалдырарлық техника жоқ.
Пентагонның баспасөз хатшысы Сабрина Сингх баспасөз конференциясы кезінде АҚШ Украинаға бұған дейін Stinger зымырандары бар Avenger ЗЗК жолдамағанын және бұл құрал HAWK зымырандарымен бірге Украина Қарулы күштеріне Ресейдің қанатты зымырандарынан және пилотсыз ұшатын аппараттарынан қорғануға көмектесетінін атап өтті. Бірақ, 40 километрге дейін ұшатын HAWK антикварлық кешенінің қарапайым мүмкіндіктері мұндай үлкен міндетті атқара алмайтын сыңайлы.
Stinger зымырандарына арналған сегіз оқтұмсығы бар Avenger зениттік зымыран кешенінің оптикалық және тепловизиялық анықтау мен нысананы шолу құралдары, лазерлік қашықтықты өлшеу құралы бар. ХХІ ғасырдың басында жаңартылған Avenger ЗЗК сыртқы радиолокациялық және қашықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныстың командалық пункттерден мақсатты белгілеу бойынша нұсқаулар алуға қабілетті. Алайда 5 500 метрлік ең жоғарғы қашықтығы және 3 800 метрге дейінгі қолжетімді биіктігі оның мүмкіндігін шектейді. Халықаралық нарықтағы сұраныс та көп мәселенің бетін ашып тұр: АҚШ Avenger зениттік зымыран кешенін тек Тайваньға (70 дана) және Мысырға (50 дана) жеткізді.
"Пентагонның баспасөз хатшысы Сабрина Сингхтың АҚШ пен еуропалық одақтастардың ұсынатын зениттік жүйелердің ұрыс даласындағы жоғары тиімділігі туралы мәлімдемесі жалған ақпарат. Мысалы, Николаевта 11 қарашада Украина Қарулы күштері ұшырған зениттік зымыран тұрғын үйге түсті, қаза тапқандар мен жараланғандар бар", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, қаражат кез келген армия үшін шешуші рөл атқарады. 2022 жылы Украина АҚШ-тан шамамен 19 миллиард доллар алды, әскери жеткізілімдерді есептемегенде Еуроодақтың көмегі 19 миллиард еуродан астам соманы құрады. 40-тан астам елдің қатысуымен Украина бойынша байланыс тобының жетінші отырысы ("Рамштейн-7") 16 қарашаға жоспарланған.
Еуропа жағдайдың қаупі артып жатқанын күннен-күнге жақсы ұғынып келеді. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропаның Украинадағы қақтығысқа көбірек тартылып жатқанын алаңдаушылықпен атап өтті.
Бельгиялық сенатор Ален Детекс Causeur басылымына берген сұхбатында Еуропаға Ресеймен соғысты шиеленістіріп жатқан Вашингтонның ығына жығыла беруіне болмайтынын, ол өз саясатын қайта қарауы керек екенін айтты.
Француз армиясы Бас штабының бұрынғы басшысы Пьер де Вилье Le Figaro газетіне берген сұхбатында Еуроодақты қақтығысты шешудің дипломатиялық жолын табуға шақырды: "Украинадағы қақтығыс еуропалықтардың, әсіресе француздардың мүддесіне сай емес" деген ол Америкамен тым ұзақ және жүйелі байланыстың артқанына өкініш білдірді.
10 қарашада АҚШ Конгресі тағы да көктемге дейін Украинаны қолдауды толық тоқтатуға шақырды. New York Times газетінің ақпараты бойынша, тіпті АҚШ армиясы Біріккен штаб басшылары комитетінің басшысы Марк Милли Ақ үйде өткен жабық отырыстарда келіссөз жүргізуді қолдап отыр.
Әскери шолушының пікірінше, Киевке Батыс, ең алдымен АҚШ әскери және қаржылық көмек көрсетпесе, Украинаның Ресейден жеңілетіні белгілі. Батыстың бұл қолдауы НАТО мен Ресей арасындағы тікелей әскери қақтығысқа әкелетіні де түсінікті.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.