Алматы базарындағы өрт сөндірілді - жалын қойманың 1500 шаршы метрін шарпыды

© Photo : ДЧС АлматыБазардағы өрт
Базардағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Алматыдағы ірі базарлардың бірі - Ялянда болған өрт сөндірілді. Тілсіз жау қойманың 1500 шаршы метрін шарпыды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға 10:56-да Жетісу ауданы, солтүстік айналым, 7Б мекенжайында болды. Өрт 12:23-те оқшауланып, 12:43-те жойылған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен. Базарға ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 2,5 шақырымда болған.
"Өрттің аумағы - 1500 шаршы метр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД-нің 86 қызмекері мен 25 техника жұмылдырылды", - деп мәлімдеді министрлік.
Алматы қаласының құтқару қызметі, СОБР, "Алматы Су", "Алматы тазалық", жедел жәрдем қызметі, медициналық апаттар орталығының қызметкерлері жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0