Өңірлер

Алматыда автобустар соқтығысты: жүргізушілердің бірі қамауға алынды

© Photo : Алматы қалалық полиция департаментіАлматыда екі автобус соқтығысты
Алматыда екі автобус соқтығысты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Алматыда соқтығысқан автобустардың бірінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
"Сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті А-ға қатысты 2 айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші санкцияланды. Алматы қаласы тергеу сотының қаулысы 11 қарашада шықты", - делінген қалалық соттың баспасөз хабарламасында.
Қамауға алу мерзімі 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін белгіленді.

Автобустар апаты

Қайғылы оқиға 8 қарашада Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған еді.
201-ші бағдардағы автобус екінші қоғамдық көлікті бүйірінен соққан. Салдарынан 21 адам медициналық көмекке жүгініп, 1 адам оқиға орнында қайтыс болды. 9 адам аурухана төсегіне таңылды. Оның бірі - он үштегі жасөспірім.
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Өңірлер
Алматыдағы жол апаты: қайтыс болған жолаушының анасы сұхбат берді
Жаңалықтар
0