Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада мерт болған шетелдік жалдамалы жауынгерлердің саны артты

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуРоссийский военнослужащий в Херсонской области
Российский военнослужащий в Херсонской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
Батыстың қаржылай қолдауы Украинада "легионерлер" санының артуына ықпал етіп отыр. Шетелдік жалдамалы жауынгерлер АҚШ пен НАТО мүддесінде әрекеет етіп, "ұлттық идеялар" мен Украина Қарулы күштерінің құрылымдарын террористік сипаттағы әскери қылмыстарды орындауға қолданып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ұлыбританиядағы Sky News телеарнасы мен Military Watch америкалық мамандандырылған басылымы Украинада әрекет ететін шетелдік жалдамалы әскерилердің рейтингін дайындады. Небәрі үш позиция анықталды: шетелдік қарулы күштердің (арнайы қызметтердің) штаттық қызметкерлері, НАТО-ға жақын америкалық және еуропалық жалдамалы әскерилер және түрлі елдерден келген басқа да "еріктілер".
"Грузин легионы" құрамы, міндеттері мен мақсаты бойынша екінші топқа жатқызылды. Бұл іріктеу Украинаның Қарулы күштеріне немесе Украина Ұлттық гвардиясына біріктірілген 34 мемлекеттен келген 16 шетелдік қарулы топтың террористік сипатын жасыра алмайды. Мысалы, Запорожье бағытында Ресей Федерациясында тыйым салынған ДАИШ және "Джебхад ан-Нусра" лаңкестік ұйымдарының содырлары бар. Байланыс желісінің кейбір учаскелерінде жалдамалы жауынгерлер Украина Қарулы күштері бөлімшелерінің жалпы санының жартысынан көбін құрайды", - деп жазды Хроленко.
Бірінші жартыжылдықтың өзінде Украинаға Киев режимі жағында соғыс қимылдарына қатысу үшін 7 мыңға жуық шетелдік жалдамалы келген. "Үздік үштікке" Польша, Румыния, Ұлыбритания кіріп отыр – сәйкесінше 1831, 504, 422 жауынгер келген. Ал Грузиядан келген жалдамалы жауынгер саны 355 адамды құрады.
Украиндағы үшінші елдердің жауынгерлері ресейлік әскерлер үшін бірінші кезектегі нысаны болып табылады. Қыркүйектің басында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинада 2 830-дан астам шетелдік жауынгердің көзі жойылғанын хабарлады. Бұл олардың жалпы санының үштен бірінен астамын құрайды (айына орта есеппен 500 жалдамалы).
Алғашқы алты айда қаза тапқан Украина Қарулы күштерінің адам шығыны 61 мыңнан астам әскериді құрады – 24 ақпандағы 200 мың адамның үштен біріне жуық (орта есеппен айына 10 мың). Бірінші жартыжылдықта Ресей Қарулы күштерінің адам шығыны 5 937 әскери қызметкерді құрады.
"Наурыздың аяғында тұтқынға алынған ресейлік әскерилерді грузин "легионерлері" аяусыз өлтіргеннен кейін оларды жауапқа тартудың себебі артты. Ресей Федерациясының Тергеу комитеті "Грузин ұлттық легионының" қолбасшысы Мамука Мамулашвилиге қатысты қылмыстық іс жүргізіп жатыр. "Легионерлердің" әскери қылмыстары мерзімі бойынша ескірмейді. Украина Қарулы күштері құрамындағы грузин жалдамалыларының көбісі анықталды. Ерте ме, кеш пе, олар әлемнің кез келген жерінде анықталып, жауапқа тартылады", - дейді әскери шолушы.
Оның пікірінше, "Грузия легионы" сегіз жыл бойы Украинадағы сарбаздарды жаттықтырып жатыр. Бүгінде оның құрамында 50 британдық, сонымен қатар Албания, Армения, Австралия, Австрия, Әзербайжан, Чили, Хорватия, Франция, Германия, Греция, Үндістан, Израиль, Жапония, Мексика, Молдова және АҚШ азаматтарын қоса алғанда 1000-ға жуық жауынгер бар. Көп елдің ұлттық заңнамасы тұрғысынан олар қылмыскер болып табылады. Бірақ Батыста олар украин бостандығының, демократиясының қорғаушылары болып саналады. Ал Грузияда бұл құрылымның мүшелерін ешкім заңмен қудаламайды, яғни мемлекет жалдамалылардың әрекетін жанама түрде қолдап отыр.
"Грузин легионы" Пентагон мен НАТО-ның бақылауында әрекет етеді. Оларды даярлауға британдық әскери нұсқаушылар тартылған. Бұл туралы бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі және Ұлыбритания армиясының бұрынғы жауынгері Мэтью Робинсон мәлімдеді. Легион диверсиялық әрекеттер үшін пайдаланылады және Киев түбіндегі, Мариупольдегі және Северодонецктегі шайқастарға қатысты.
Италиялық журналист Джан Микалессиннің "Украина. Жасырын ақиқат" деректі фильмі "Майданның" біраз құпиясын ашты: 2014 жылы Мамука Мамулашвили мен АҚШ 101-ші әуе-десанттық дивизиясының офицері снайперлер тобын ұйымдастырып, олар Майданда наразылық білдіргендерге оқ жаудырған. Бұл президент Виктор Януковичтің биліктен кетуіне әкелген. Жалпы, Ресей әскері мен арнайы қызметтері Украина, Ирак және Ауғанстандағы әскери қылмыстары бойынша "Грузин ұлттық легионы" мүшелерін қатаң жауапқа тартуға дайындық жүргізіп жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0