Спорт

Тоқаев жекпе-жектен кейін ауруханаға түскен қазақ боксшысына жеделхат жолдады

© Photo : Instagram (запрещено в РФ) / yerbossynuly_aidosАйдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді.
"Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіспен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, 6 қарашада АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельмен (7- 0,6 КО) жұдырықтасты. Отандасымыз соңғы раундта ауыр нокаутқа түсті.
Осы жекпе-жектен кейін Айдосты зембілмен алып кетті. Ал ауруханада миына қан құйылып кеткені анықталды. Боксшы жасанды комаға түсті. Кейін Suleimen Promotions өкілдері 30 жастағы спортшының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екенін мәлімдеді.
Соңғы ақпарат бойынша Айдостың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Боксшы қолғабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2022
Спорт
Айдос Ербосынұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте нокаутқа түсті
Жаңалықтар
0