Өңірлер

Қазан айында елде рекордтық мөлшерде жауын-шашын жауды

© Photo : Pixabay / ID 955169Қолшатыр, жаңбыр
Қолшатыр, жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. 2022 жылдың қазан айы Қазақстан аумағының басым бөлігінде суық ауа толқынымен басталды. Ал үшінші онкүндіктің басында күн жылынып, рекордтық мөлшердегі жауын-шашын түсті, деп хабарлайды Қазгидромет.
Суық ауа массаларының енуі нәтижесінде айдың басында түнде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа температурасы -8 -12С-ға дейін төмендеді.

Температура рекордтары

1 қазанда Көкшетау метеорологиялық станциясында ауа температурасы түнде -9,2С-қа дейін төмендеп, 1981 жылғы рекордты жаңартты. Осыдан 41 жыл бұрын түнде ауа температурасы -4,0С болған.
Қарағанды ​​облысындағы Ақтоғай метеорологиялық станциясында түнде абсолютті минимум -12,2C болып, 2019 жылдың рекорды жаңартылды (-7,1C).
Риддер метеорологиялық станциясында (ШҚО) ең төменгі ауа температурасы -9,0С-қа жетті. Соңғы рет ең төменгі ауа температурасы 1986 жылы (-8,7С) тіркелді.
3 қазанда Рузаевка метеорологиялық станциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) - 8,0C болып, 1976 жылғы рекорд жаңартылды (-4,0С).

"Үшінші онкүндіктің басында, 21-22 қазанда да температура рекордтары байқалды. Бірақ күндізгі ең жоғары көрсеткіштер басым болды. Бұл Жерорта теңізінің шығысынан жылы ауа массаларының шығуымен байланысты", - деп хабарлайды Қазгидромет.

Мысалы, 21 қазанда Аяққұм метеорологиялық станциясында (Ақтөбе облысы) +23,6С деңгейінде ауаның ең жоғарғы температурасы тіркеліп, 1974 жылғы рекорд (+22,0С) жаңарды.
Шірік-Рабат метеорологиялық станциясында (Қызылорда облысы) абсолютті максимум +24,8С болды, осылайша 1973 жылғы рекорд (+24,0С) жаңартылды.
22 қазанда Шымкент метеорологиялық станциясында ауаның ең жоғары температурасы +28,7С-қа жетіп, 1962 жылғы рекордты (+27,2С) жаңартылды.
Тараз метеорологиялық станциясында тіпті +30C тіркеліп, осылайша 1973 жылғы рекорд (+26,0C) жаңартылды.

Нөсер жауын-шашын

Қазан айының бірінші және екінші онкүндігінде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болды, алайда үшінші онкүндікте жауын-шашынның рекордтық мөлшері тіркелді.
Ол 1,5-2 айлық норманы құрады, республика аумағы бойынша циклондар легі жүруі және атмосфералық фронттардың ұлғаюымен байланысты болды.
26 қазанда Арыс метеорологиялық станциясында (Түркістан облысы) нөсер жаңбыр тіркелді – айлық норма 17 мм кезінде 20 мм жауын жауды, Қазығұрт метеорологиялық станциясында – айлық норма 24 мм кезінде 34 мм жауын жауды.
Қожахметов метеорологиялық станциясында айлық норма 24 мм кезінде 40 мм жауын жауды жаңбыр жауды, Жамбыл облысындағы Ойық метеорологиялық станциясында айлық норма 13 мм кезінде 23,5 мм жауын жауды.
Сондай-ақ Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр тіркелді: 27 қазанда Форт-Шевченко метеорологиялық станциясында 36 мм жауын-шашын түсті, ал норма 10 мм құрайды, 28 қазанда Қызанда айлық норма 11 мм кезінде 20 мм жауын жауды, Ақтау метеорологиялық станцияларда айлық норма 13 мм кезінде 15 мм жауын жауды.

Қазанда Астанада ауа райы қандай болды

Астанада -6,3С дәрежесіндегі ең төменгі ауа температурасы 29 қазанда, +22,1С деңгейіндегі ең жоғары ауа температурасы 7 қазанда тіркелді.
Ауаның орташа айлық температурасы қазанда айлық норма +5,0С кезінде +6,1С болды. Нормадан ауытқу +1,1 болды. Қазан айындағы жауын-шашын мөлшерінің нормасы: 26 мм, 17 мм жауын-шашын жауды. Бұл көрсеткіш норманың 64%-ін құрайды.
Жаңалықтар
0