https://sputnik.kz/20221110/qazaqstan-adam-saudasy-zan-29203733.html
Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң әзірленіп жатыр
Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі 10.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-10T12:33+0500
2022-11-10T12:33+0500
2022-11-10T13:32+0500
қоғам
адам саудасы
заң
https://sputnik.kz/img/90/23/902312_0:0:3328:1872_1920x0_80_0_0_3222fbb3513739b2bc0365cf3befd321.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Президентке биылғы 10 айдағы криминогендік жағдай туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.Министрдің мәліметінше, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған.Мемлекет басшысына құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары, атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу туралы мәлімет берілді.Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстың себептері мен қаржыландыру көздерін жоюға баса мән бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерінің өзгергені жөнінде баяндалды.Министрдің айтуынша, бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.Полицейлер заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 кг синтетикалық түрлерін тәркіледі. 36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылды, есірткі жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды. Министрлік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылға арналған Кешенді жоспар әзірлеп жатыр.Сонымен қатар президентке "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" жеке заң әзірленіп жатқаны туралы баяндалды.Кездесу соңында Тоқаев елімізде азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/23/902312_416:0:2912:1872_1920x0_80_0_0_88722d9e89448bd1aac1b470d37a73de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адам саудасы, заң
Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң әзірленіп жатыр
12:33 10.11.2022 (жаңартылды: 13:32 10.11.2022) Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Президентке биылғы 10 айдағы криминогендік жағдай туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.
Министрдің мәліметінше, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған.
Мемлекет басшысына құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары, атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстың себептері мен қаржыландыру көздерін жоюға баса мән бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерінің өзгергені жөнінде баяндалды.
Министрдің айтуынша, бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Полицейлер заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 кг синтетикалық түрлерін тәркіледі. 36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылды, есірткі жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды. Министрлік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылға арналған Кешенді жоспар әзірлеп жатыр.
Сонымен қатар президентке "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" жеке заң әзірленіп жатқаны туралы баяндалды.
Кездесу соңында Тоқаев елімізде азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.