https://sputnik.kz/20221110/mugalimderdi-abden-qorqytyp-tastady-29219337.html
"Мұғалімдерді қорқытып тастады": желіде тараған видеодан кейін арнайы комиссия құрылды
"Мұғалімдерді қорқытып тастады": желіде тараған видеодан кейін арнайы комиссия құрылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы ауылға барған жас мұғалімнің видеосы тарады. Ол жергілікті жердегі білімнің сапасының... 10.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-10T17:49+0500
2022-11-10T17:49+0500
2022-11-10T17:49+0500
мұғалім
желі
білім
https://sputnik.kz/img/1165/04/11650411_0:146:3073:1874_1920x0_80_0_0_c8d79b12620c2ba14b9317b467d3fdc8.jpg
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы ауылға барған жас мұғалімнің видеосы тарады. Ол жергілікті жердегі білімнің сапасының проблемасын жайып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлихан Ибраһимов Абай ауданына "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша барған. Қазір Ақбастау ауылының мектебінде физика пәні бойынша сабақ береді. "Мектептегі білім деңгейі өте нашар. 11-сыныпта көбейту кестесін білмейтін бала отырғанда білім сапасы жайында не айтуға болады? Ал жоғары сыныпта ежелеп кітапты оқып отырғандарды қайда жібереміз? Математика, жаратылыстану сияқты пәндер төменгі және жоғарғы сыныптарда бірігіп өтеді. Елестетіп көріңізші, бір 45 минутта мен физика пәнін бірден 8-нші және 10-сыныпқа өткіземін. 6-8-10 сыныптарға бір уақытта өтетін пәндер де бар. Әр сыныпқа 45 минут емес, 15 минут ғана уақыт бөлінеді. Мұғалім үш әртүрлі сыныпқа дайындалады. Бірақ жалықыны бір сабаққа ғана алады", - дейді жас маман. Информатика пәні бойынша сабақ беретін мұғалімнің жағдайы да мәз емес. Техникаға да, сабаққа да, білім беру порталына да жауапты. Ал жалақысы мардымсыз. Оның айтуынша, мектепте 50 жылдан бері сыйақы алмай жүрген мамандар бар. Тақта ескі, техниканы мұғалімдер өздері алып келеді. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша құжат рәсімдеу де машақатқа айналды. Әлиханның өзі ауданға 15 рет барып келген. Ал директор оны жеке шаруа деп санайды. Жас мамандар сұрануға немесе ақысыз демалыс алуға мәжбүр. Видеодан кейін комиссия құрылдыҚарағанды облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, физика пәні мұғалімінің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін шақын жинақты Ақбастау ауылдық мектебінде ішкі тексеріс жүргізіледі. "Арнайы комиссия құрылды, оның құрамына білім басқармасының, білім беру саласындағы сапаны бақылауды қамтамасыз ету департаментінің өкілдері енді. Ақпарат расталса, барлық қажетті шаралар қабылданып, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады", - делінген ресми хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/04/11650411_500:355:2757:2048_1920x0_80_0_0_6867ee46372e3bca8de62b15f9fcf352.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, желі
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы ауылға барған жас мұғалімнің
видеосы тарады. Ол жергілікті жердегі білімнің сапасының проблемасын жайып салды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлихан Ибраһимов Абай ауданына "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша барған. Қазір Ақбастау ауылының мектебінде физика пәні бойынша сабақ береді.
"Мектептегі білім деңгейі өте нашар. 11-сыныпта көбейту кестесін білмейтін бала отырғанда білім сапасы жайында не айтуға болады? Ал жоғары сыныпта ежелеп кітапты оқып отырғандарды қайда жібереміз? Математика, жаратылыстану сияқты пәндер төменгі және жоғарғы сыныптарда бірігіп өтеді. Елестетіп көріңізші, бір 45 минутта мен физика пәнін бірден 8-нші және 10-сыныпқа өткіземін. 6-8-10 сыныптарға бір уақытта өтетін пәндер де бар. Әр сыныпқа 45 минут емес, 15 минут ғана уақыт бөлінеді. Мұғалім үш әртүрлі сыныпқа дайындалады. Бірақ жалықыны бір сабаққа ғана алады", - дейді жас маман.
Информатика пәні бойынша сабақ беретін мұғалімнің жағдайы да мәз емес. Техникаға да, сабаққа да, білім беру порталына да жауапты. Ал жалақысы мардымсыз. Оның айтуынша, мектепте 50 жылдан бері сыйақы алмай жүрген мамандар бар. Тақта ескі, техниканы мұғалімдер өздері алып келеді.
"Сабақ өткізу кезінде жиналыс өткізіп, директордың кабинетіне шақыру мен үшін түсініксіз жағдай. Мұғалімдерді ауданнан келетін комиссиямен әбден қорқытып тастады. Мен бірден жоспармен жүре алмайтынымды айттым. Себебі балалардың білім деңгейі бір-екі айға емес, екі-үш жылға қалып қойған", - деп атап көрсетті Ибраһимов.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша құжат рәсімдеу де машақатқа айналды. Әлиханның өзі ауданға 15 рет барып келген. Ал директор оны жеке шаруа деп санайды. Жас мамандар сұрануға немесе ақысыз демалыс алуға мәжбүр.
Видеодан кейін комиссия құрылды
Қарағанды облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, физика пәні мұғалімінің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін шақын жинақты Ақбастау ауылдық мектебінде ішкі тексеріс жүргізіледі.
"Арнайы комиссия құрылды, оның құрамына білім басқармасының, білім беру саласындағы сапаны бақылауды қамтамасыз ету департаментінің өкілдері енді. Ақпарат расталса, барлық қажетті шаралар қабылданып, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады", - делінген ресми хабарламада.