Ауыл әйелдерінің бесінші республикалық форумы өтеді

CC0 / Tumisu / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Қазақстан ауыл әйелдерінің республикалық форумы биыл бесінші рет ұйымдастырылмақ. Шараға 250 әйел қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Жасыл экономика" және G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов мәлім етті.
"Форумға дайындық ретінде өңірлерде облыс әкімдіктері тарапынан іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір облыстан 10 әйел қатысады, оның ішінде дәрігер, мұғалім, кәсіпкер, ауыл шаруашылығымен айналысатын қызметкер, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері де бар", - деді Асхат Сүлейменов.
Ауыл әйелдерінің 30 пайызы өз бизнесін ашу үшін білім алуға өтініш берген. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жобасы аясында екі бағытта білім алады. Он жылда 60 мыңнан астам адам білім алған. Карантин кезінде де 15 мыңнан астам әйел бизнес ашу үшін онлайн білім алды.
"Ауылдың жағдайы қаламен салыстырғанда қиынырақ. Ақпарат ауылға ұзақ жетеді. Инфрақұрылым, білім деңгейі, білімге қол жеткізу мәселесі туралы ақпарат баяу жетеді. Осы мәселелердің барлығын форум деңгейінда талқылап, пікірталас ұйымдастырып, мықты деген әйелдер өз тәжірибесін басқа әйелдермен бөліссін деп осы алаң құрылған болатын", - дейді Асхат Сүлейменов.
Ал биылғы ауыл әйелдерінің республикалық форумында "Үздік бизнес идея" байқауының 20 жеңімпазы марапатталады. Оларға 2000-4000 доллар аралығында грант беріледі.
Жаңалықтар
0