Оқиға

Атыраудағы апат: министрлік ата-аналарға үндеу жасады - видео

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Ішкі істер министрлігі Атырауда болған жол апатынан кейін ата-аналарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, түсіндіру жұмыстарына қарамастан балалардың қатысуымен жол апатының саны азаймай отыр. Ата-аналар балаға көбірек еркіндік береміз деп, шектеу жасамайды.

"Ата-аналар балаларға шамадан тыс жауапкершілік жүктейді. Кей жағдайда ата-аналар қауіпсіздікті ойламай, балаларына көліктің кілтін де береді. Бұл кәмелетке толмағандардың және жолдағы басқа да адамдардың өміріне қауіп төндіреді", - дейді Боранова.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері республика бойынша көлікке отырған жасөспірімдердің қатысуымен 70-тен астам жол апаты тіркелген. 10 адам қаза болып, 90-астам адам жарақат алды.
Күні кеше ғана Атырау облысының Жасталап ауылының жанында 14-тегі жасөспірім көлікпен аударылып, қайтыс болды. Ал оның жанында болған төрт жасөспірім жолаушы ауруханаға түсті.
"Сондықтан ата-аналарға бүгіннен қалдырмай, балалармен жол қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын талқылауға кеңес береміз. Бұл кеңестерді үнемі еске салғанда баланың жадында сақталады және қауіпті жағдайларды азайтады", - деп атап көретті Боранова.
Жаңалықтар
0