https://sputnik.kz/20221110/astanalyq-ayel-beytanys-adammen-nekege-turganyn-21-zhyldan-keyin-bildi-29200596.html
Астаналық әйел бейтаныс адаммен некеге тұрғанын 21 жылдан кейін білді
Астаналық әйел бейтаныс адаммен некеге тұрғанын 21 жылдан кейін білді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Aстана тұрғыны электронды үкімет порталы арқылы өзінің 21 жыл бұрын тұрмысқа шыққанын білген. Бір қызығы, әйел "күйеуін" тіпті... 10.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-10T11:00+0500
2022-11-10T11:00+0500
2022-11-10T11:00+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24424949_0:129:1281:849_1920x0_80_0_0_b2a028dc26f841ecdad792fc9115b88a.jpg
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Aстана тұрғыны электронды үкімет порталы арқылы өзінің 21 жыл бұрын тұрмысқа шыққанын білген. Бір қызығы, әйел "күйеуін" тіпті танымайтын болып шықты.Бұл келеңсіз жәйтті дереу шешпек болған әйел тіркеу орындарына жүгінеді. Алайда АХАТ мамандары оған некені бұзу үшін күйеуімен келіп, бірге өтініш жазу керектігін айтқан. Амалы болмаған әйел 21 жыл некеде болған белгісіз жұбайын іздеп тауып, "некені жоққа шығару" туралы өтініш жазуын сұрайды. Алайда ол АХАТ бөліміне барудан да, өтініш жазудан да үзілді-кесілді бас тартқан.Төбесінен жай түскендей болған әйел Астана қаласының әділет департаментіне шағымданады. Бірақ мұнда да "некені жоққа шығару үшін ерлі-зайыпты өтінішті бірге жасау керек" дегенді айтады. Дегенмен "қағаз түріндегі акт жазуында некеге тұрғандардың қолы қойылмаған"."Осыдан кейін әйел елорданың әкімшілік сотына жүгінеді. Ол соттан "күйеуін" некенің күшін жоюға мәжбүрлеу туралы талап етеді. Судья соттың белсенді рөлі қағидатын қолдана отырып және дауды қараудың құқықтық салдарын түсіндіре отырып, тараптармен әңгіме жүргізді", - деп мәлімдеді Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.Нәтижесінде екі тарап келісімге келді. Атқарушы орган тіркелген неке қию актісінің күшін жоюға міндеттелді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24424949_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_2edf6c42b3f779a7252b2fc02b0bd87c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Aстана тұрғыны электронды үкімет порталы арқылы өзінің 21 жыл бұрын тұрмысқа шыққанын білген. Бір қызығы, әйел "күйеуін" тіпті танымайтын болып шықты.
Бұл келеңсіз жәйтті дереу шешпек болған әйел тіркеу орындарына жүгінеді. Алайда АХАТ мамандары оған некені бұзу үшін күйеуімен келіп, бірге өтініш жазу керектігін айтқан. Амалы болмаған әйел 21 жыл некеде болған белгісіз жұбайын іздеп тауып, "некені жоққа шығару" туралы өтініш жазуын сұрайды. Алайда ол АХАТ бөліміне барудан да, өтініш жазудан да үзілді-кесілді бас тартқан.
Төбесінен жай түскендей болған әйел Астана қаласының әділет департаментіне шағымданады. Бірақ мұнда да "некені жоққа шығару үшін ерлі-зайыпты өтінішті бірге жасау керек" дегенді айтады. Дегенмен "қағаз түріндегі акт жазуында некеге тұрғандардың қолы қойылмаған".
"Осыдан кейін әйел елорданың әкімшілік сотына жүгінеді. Ол соттан "күйеуін" некенің күшін жоюға мәжбүрлеу туралы талап етеді. Судья соттың белсенді рөлі қағидатын қолдана отырып және дауды қараудың құқықтық салдарын түсіндіре отырып, тараптармен әңгіме жүргізді", - деп мәлімдеді Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.
Нәтижесінде екі тарап келісімге келді. Атқарушы орган тіркелген неке қию актісінің күшін жоюға міндеттелді.