https://sputnik.kz/20221110/astanada-8-zholaqty-zhana-koshe-ashylady-29193820.html
Астанада 8 жолақты жаңа көше ашылады
Астанада 8 жолақты жаңа көше ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. 12 қараша күні А91(Қордай) көшесінен Астана – Қарағанды тасжолына дейінгі учаскеде А62 көшесі бойында қозғалыс ашылады, деп... 10.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-10T08:43+0500
2022-11-10T08:43+0500
2022-11-10T08:43+0500
астана
көше
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25889376_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_f80d7be31b41a0c8e98a97d5407cb82e.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. 12 қараша күні А91(Қордай) көшесінен Астана – Қарағанды тасжолына дейінгі учаскеде А62 көшесі бойында қозғалыс ашылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.Бұл көше Қарағанды тасжолы, "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша Нәжімеденов, Байтұрсынов көшелеріндегі көлік нөпірі сейіледі, сол сияқты Қошқарбаев даңғылы, Айнакөл көшесі, Абылайхан даңғылы, Қобда көшесі және т.б. қозғалыс реттеледі.А62 көшесі – 8 жолақты. Қазір аталмыш көшедегі жұмыстардың бір бөлігі аяқталды, осылайша 4 жолақ бойынша қозғалыс ашылды. Қалған 4 жолақты абаттандыру жұмысы көктемде жалғасады.Осыған дейін Ұлы дала бойындағы жаңа көпірдің үстінде қозғалыс ашылған болатын. Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылын, А.Байтұрсынұлын, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелерін, Nova City ауданын, "Мыңжылдық" аумағында көлік ағынын сейілтті. "Нұрлы жол" жаңа вокзалына, Телман және Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті ауданына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т.б. жүру мүмкіндігі жасалды.Тағы бір көлік қозғалысына арналған көпір (Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылының бойында) 2023 жылы ашылады. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Соңғы жылдары елордада 400-ден астам көше жөнделді, олардың жартысы елді мекендерде орналасқан.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25889376_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_65143d4c0e491ba774790ee73ba4cf2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, көше
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. 12 қараша күні А91(Қордай) көшесінен Астана – Қарағанды тасжолына дейінгі учаскеде А62 көшесі бойында қозғалыс ашылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
Бұл көше Қарағанды тасжолы, "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша Нәжімеденов, Байтұрсынов көшелеріндегі көлік нөпірі сейіледі, сол сияқты Қошқарбаев даңғылы, Айнакөл көшесі, Абылайхан даңғылы, Қобда көшесі және т.б. қозғалыс реттеледі.
А62 көшесі – 8 жолақты. Қазір аталмыш көшедегі жұмыстардың бір бөлігі аяқталды, осылайша 4 жолақ бойынша қозғалыс ашылды. Қалған 4 жолақты абаттандыру жұмысы көктемде жалғасады.
Осыған дейін Ұлы дала бойындағы жаңа көпірдің үстінде қозғалыс ашылған болатын. Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылын, А.Байтұрсынұлын, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелерін, Nova City ауданын, "Мыңжылдық" аумағында көлік ағынын сейілтті. "Нұрлы жол" жаңа вокзалына, Телман және Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті ауданына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т.б. жүру мүмкіндігі жасалды.
Тағы бір көлік қозғалысына арналған көпір (Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылының бойында) 2023 жылы ашылады. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары елордада 400-ден астам көше жөнделді, олардың жартысы елді мекендерде орналасқан.