Оқиға

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео

© Photo : предоставлено ДЧС СКОӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Алматыда жаңа салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Жалын 9 қабатты ғимараттың екінші қабатын шарпыды, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
"Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері сағат 14:57-де Бостандық ауданы, Абай даңғылы мен Қашғар көшесінің қиылысына жіберілді. 4 минутта жеткен алғашқы бөлімше 9 қабатты ғимараттың 2-қабатында болған өртті сөндірді. Өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те жойылды", - деп хабарлады қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0