https://sputnik.kz/20221109/zhyl-basynan-beri-et-pen-et-onimderinin-bagasy-16-ke-qymbattady-29179560.html
Жыл басынан бері ет пен ет өнімдерінің бағасы 16%-ке қымбаттады
Жыл басынан бері ет пен ет өнімдерінің бағасы 16%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан қазан айына дейін ет және ет өнімдерінің бағасы бірден 15,9%-ке өсті. Оның ішінде ет және құс еті (14,6%)... 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T14:25+0500
2022-11-09T14:25+0500
2022-11-09T14:25+0500
ет
шұжық
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1f/17739766_0:0:1271:715_1920x0_80_0_0_91abb287f3b10fd6caced126e0b8b677.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан қазан айына дейін ет және ет өнімдерінің бағасы бірден 15,9%-ке өсті. Оның ішінде ет және құс еті (14,6%), шұжық (21,3%), басқа да ет өнімдері (15,7%) қымбаттаған, деп хабарлады ranking.kz мониторинг компаниясы.Бір жылдағы ет бағасының өсімі:Бір жылдағы шұжық бағасының өсімі:Өңірлік бөліністе ет және ет өнімдері бағасының ең көп өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: жылына 22,6%. Одан кейін Павлодар (+ 20%) және Ақтөбе (+ 19,5%) облыстары тұр. Бұл аймақтарда өткен айда сиыр етінің бір келісін орта есеппен 2,4 мың теңгеден, қой етін – 2,7 мың, шошқа етін – 2 мың, жылқы етін – 3 мың, тауық етін – 1, 4 мың, тауықтың сан етін – 1,2 мың, қайнатылған шұжықты – 2,6 мың, жартылай ысталған шұжықты – 3,1 мың, сиыр бауырын –1,2 мың теңгеден сатып алуға болатын.Сонымен бірге 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ет шаруашылығында тірідей салмақта 1,5 миллион тонна (бір жылда + 0,7%) және сойыс салмағында 847 мың тонна (+ 0,3%) мал мен құс сойылды немесе союға сатылды. Сондай-ақ сиыр сүтінің өндірісі – 1,8%-ке, тауық жұмыртқасы – 5,3%-ке, ірі мал терісі – 1,6%-ке өскен.Дегенмен, статистикалық мәліметтер бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндірісі 11,8%-ке төмендеген. Өндірістің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі: 347,3 мың тонна жем, бір жылда 3% өсім. Үздік үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, - 0,5%) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, + 18,4%) облыстары да кірді.Осы жылдың 1 қазанына дейін елімізде ірі қара мал басы 9 миллион басқа жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ке артық. Оның ішінде сиыр 4,6 миллион басты құрады. Жылқы саны 11,7%-ке өсіп, 3,8 миллион басты, түйе – 8,6%-ке өсіп, 265,3 мың басты, қой – 4,2%-ке өсіп, 21 миллион басты, құс – 0,6%-ке өсіп, 50 миллион басты құрады. Бұл ретте ешкі (0,8%-ке азайып, 2,5 млн бас) және шошқа (11,6%-ке азайып, 849,3 мың бас) саны азайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1f/17739766_0:0:953:715_1920x0_80_0_0_0b53fbb38bb1120978519c8c80bc35ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, шұжық
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан қазан айына дейін ет және ет өнімдерінің бағасы бірден 15,9%-ке өсті. Оның ішінде ет және құс еті (14,6%), шұжық (21,3%), басқа да ет өнімдері (15,7%) қымбаттаған, деп хабарлады
ranking.kz мониторинг компаниясы.
Бір жылдағы ет бағасының өсімі:
Бір жылдағы шұжық бағасының өсімі:
жартылай ысталған – 21,2%.
Өңірлік бөліністе ет және ет өнімдері бағасының ең көп өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: жылына 22,6%. Одан кейін Павлодар (+ 20%) және Ақтөбе (+ 19,5%) облыстары тұр. Бұл аймақтарда өткен айда сиыр етінің бір келісін орта есеппен 2,4 мың теңгеден, қой етін – 2,7 мың, шошқа етін – 2 мың, жылқы етін – 3 мың, тауық етін – 1, 4 мың, тауықтың сан етін – 1,2 мың, қайнатылған шұжықты – 2,6 мың, жартылай ысталған шұжықты – 3,1 мың, сиыр бауырын –1,2 мың теңгеден сатып алуға болатын.
Сонымен бірге 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ет шаруашылығында тірідей салмақта 1,5 миллион тонна (бір жылда + 0,7%) және сойыс салмағында 847 мың тонна (+ 0,3%) мал мен құс сойылды немесе союға сатылды. Сондай-ақ сиыр сүтінің өндірісі – 1,8%-ке, тауық жұмыртқасы – 5,3%-ке, ірі мал терісі – 1,6%-ке өскен.
Дегенмен, статистикалық мәліметтер бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндірісі 11,8%-ке төмендеген. Өндірістің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі: 347,3 мың тонна жем, бір жылда 3% өсім. Үздік үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, - 0,5%) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, + 18,4%) облыстары да кірді.
Осы жылдың 1 қазанына дейін елімізде ірі қара мал басы 9 миллион басқа жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ке артық. Оның ішінде сиыр 4,6 миллион басты құрады. Жылқы саны 11,7%-ке өсіп, 3,8 миллион басты, түйе – 8,6%-ке өсіп, 265,3 мың басты, қой – 4,2%-ке өсіп, 21 миллион басты, құс – 0,6%-ке өсіп, 50 миллион басты құрады. Бұл ретте ешкі (0,8%-ке азайып, 2,5 млн бас) және шошқа (11,6%-ке азайып, 849,3 мың бас) саны азайды.