https://sputnik.kz/20221109/zharkent-akimnin-buryngy-rezidentsiyasynda-balalardy-onaltu-ortalygy-ashyldy-29186608.html
Жаркент әкімнің бұрынғы резиденциясында балаларды оңалту орталығы ашылды
Жаркент әкімнің бұрынғы резиденциясында балаларды оңалту орталығы ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Жаркентте өңір басшысының бұрынғы резиденциясы ғимаратында балаларды оңалту орталығы ашылды, деп хабарлады Жетісу облыс әкімінің... 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T21:52+0500
2022-11-09T21:52+0500
2022-11-09T21:52+0500
балалар
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/09/29180504_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_069ec47d8f79bc1bcd696708448a5622.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Жаркентте өңір басшысының бұрынғы резиденциясы ғимаратында балаларды оңалту орталығы ашылды, деп хабарлады Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.Осы жылдың наурыз айында Алматы облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев нысанды балалардың игілігіне беруді тапсырды. Бүгін "Мерей" атты оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті.Резиденция 2013 жылы салынған. Ғимарат бір қабатты және екі корпустан тұрады. Оның жалпы ауданы 1 гектар жер телімін қоса алғанда 910 шаршы метрді құрайды."Оны қалпына келтіруге, жиһаз бен арнайы құрал-жабдықты алуға 80 миллион теңге бөлінді. Нысан 40 адамға есептелген. Мұнда Монтессори, физиотерапия, емдік дене жаттығулары мен түрлі массаж түрлеріне арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ психолог, логопед, дефектолог, еңбекке баулу, гидромассаж кабинеті, тұз шахтасы және бассейн бар", - деді Жетісу әкімінің орынбасары Рүстем Әли.Әкімдіктегілер ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған осындай оңалту орталықтары Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандарында да жұмыс істейтінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/09/29180504_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_dd87fd536faff0ebaa15cc7b030d06df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар
Жаркент әкімнің бұрынғы резиденциясында балаларды оңалту орталығы ашылды
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Жаркентте өңір басшысының бұрынғы резиденциясы ғимаратында балаларды оңалту орталығы ашылды, деп хабарлады Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Осы жылдың наурыз айында Алматы облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев нысанды балалардың игілігіне беруді тапсырды. Бүгін "Мерей" атты оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Резиденция 2013 жылы салынған. Ғимарат бір қабатты және екі корпустан тұрады. Оның жалпы ауданы 1 гектар жер телімін қоса алғанда 910 шаршы метрді құрайды.
"Оны қалпына келтіруге, жиһаз бен арнайы құрал-жабдықты алуға 80 миллион теңге бөлінді. Нысан 40 адамға есептелген. Мұнда Монтессори, физиотерапия, емдік дене жаттығулары мен түрлі массаж түрлеріне арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ психолог, логопед, дефектолог, еңбекке баулу, гидромассаж кабинеті, тұз шахтасы және бассейн бар", - деді Жетісу әкімінің орынбасары Рүстем Әли.
Әкімдіктегілер ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған осындай оңалту орталықтары Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандарында да жұмыс істейтінін айтты.