https://sputnik.kz/20221109/vitse-ministr-akim-komekshisi-antikor-qyzmetker-29170708.html
Вице-министр және антикор қызметкерімін деп жұртты алдаған желіде "танымал" алаяқ сотталды
Вице-министр және антикор қызметкерімін деп жұртты алдаған желіде "танымал" алаяқ сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Ақтау қалалық соты өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, әкімдік, полиция, балабақша... 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T11:24+0500
2022-11-09T11:24+0500
2022-11-09T11:52+0500
алаяқ
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25087047_0:51:3067:1776_1920x0_80_0_0_f2b49ee3327043517a45d206d1fac784.jpg.webp
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Ақтау қалалық соты өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, әкімдік, полиция, балабақша қызметкерлерін қорқытқан Нұрбол Кәрімовке үкім шығарды.Сот бүгін алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін Кәрімов пен Батырхановты 7 жыл 6 айға және 7 жылға соттады, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, агенттік төрағасының көмекшісінің атын жамылған Нұрбол Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін рәсімдеуді талап еткен. Ол жерде коммерциялық нысан салмақ болған.Бұдан бөлек, 2020 жылдың ақпанында Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласып, өздерін білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде таныстырған. Балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 миллион теңге сұраған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25087047_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_881d43aa5347c6d22fcf7ce4ac95427d.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, сот
Вице-министр және антикор қызметкерімін деп жұртты алдаған желіде "танымал" алаяқ сотталды
11:24 09.11.2022 (жаңартылды: 11:52 09.11.2022) АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Ақтау қалалық соты өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, әкімдік, полиция, балабақша қызметкерлерін қорқытқан Нұрбол Кәрімовке үкім шығарды.
Сот бүгін алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін Кәрімов пен Батырхановты 7 жыл 6 айға және 7 жылға соттады, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, агенттік төрағасының көмекшісінің атын жамылған Нұрбол Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін рәсімдеуді талап еткен. Ол жерде коммерциялық нысан салмақ болған.
Бұдан бөлек, 2020 жылдың ақпанында Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласып, өздерін білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде таныстырған. Балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 миллион теңге сұраған.