Денсаулық

В дәрумендеріне бай тағамдардың тізімі

© Photo : Pixabay / FotoshopTofsТамақтану
Тамақтану - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
Бұл дәрумендердің жетіспеушілігі түрлі сырқатқа әкелуі мүмкін
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Сарапшылар күнделікті рационда В дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы керек екенін айтады.
Сондықтан күн сайын бұл дәрумен құрамында көп тағамдарды тұтыну қажет. Оларға бұршақ дақылдары, ет және балық сияқты жануарлардан алынатын өнімдер, жасыл көкөністер және тұтас дәнді дақылдар кіреді.
Ағзаның В дәруменіне деген қажеттіліктерін оңай қанағаттандыру үшін келесі тағамдарды жиі жеу керек:
1.
Бұзау етінде май өте аз, сонымен қатар 100 грамда 0,56 мг В6 дәрумені және 0,26 мг В2 дәрумені бар.
2.
Корн салатында В дәруменінің бірнеше түрі бар.Оны қазаннан сәуірге дейін жинап алады. Бұл өнімнің 100 грамында 145 мкг фолий қышқылы, 380 мкг В3, 250 мкг В5 және 200 мкг В6 дәрумені бар.
3.
Тауық еті ақуызға ғана емес, сонымен қатар В тобының дәрумендеріне де толы. Оның құрамында май аз, ақуыз көп және шамамен 0,1 мг В1 дәрумені, 0,2 мг В2 дәрумені және 0,3 мг В6 дәрумені бар.
4.
Күнжіт В тобындағы дәрумендердің мінсіз көзі болып табылады.100 грамм күнжіт дәнінің құрамында 0,79 мг В6 дәрумені, 0,97 мкг фолий қышқылы, 0,25 мг В2 дәрумені және 1,41 мг В5 дәрумені бар.
5.
Кале немесе бұйра орамжапырақ – ең пайдалы көкөністердің бірі. Оның құрамындағы В дәруменінің мөлшері шынымен де таңғалдырады. Бұл өнімнің 100 грамында шамамен мың мкг В5 дәрумені және 47 мкг фолий қышқылы бар.
6.
Майлы емес күркетауықтың төс еті де В дәрумендерінің көзі болып табылады.100 грамм етте 11,3 мг В3 дәрумені, 0,11 мг В2 дәрумені және 0,59 мг В5 дәрумені бар.
7.
Цикорийде фолий қышқылының мөлшері көп. Ол, әсіресе, қыста дәмді және фолий қышқылының арқасында гомоцистеиннің сіңіргіші болып табылады. Денедегі осы амин қышқылының көлемі жоғарылаған жағдайда түрлі ауру пайда болуы мүмкін.
8.
Скумбрияда В6, В2 және В12 дәрумендері бар. 100 грамм майлы теңіз балығының құрамында 0,31 мг В6 дәрумені, 0,43 мг В2 дәрумені және 7,3 мкг В12 дәрумені, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесін қолдайтын, созылмалы қабынуды азайтатын және қабынуды басатын және ми жұмысын жақсартатын 0,3-1,6 грамм омега-3 май қышқылы бар.
9.
Устрицаның 100 грамында шамамен 15 мкг В12 дәрумені бар. Сонымен қатар, 100 грамм устрица 7 мг темірден тұрады және осы элементке қатысты ұсынылатын тәуліктік норманың жартысына жуығын құрайды.
10.
Күнбағыс дәндері В дәруменінің тамаша көзі болып табылады. 100 грамм күнбағыс дәнінде 1,27 мг В дәрумені бар. Бұл өнімнің 90%-і пайдалы қанықпаған май қышқылдарынан және майда еритін А және Е дәруменінің көп мөлшерінен тұрады. Сонымен қатар, жасымық, сиыр еті, банан, жұмсақ ірімшік, асжапырақ, майшабақ, авокадо, Брюссель орамжапырағы, миди, гүлді орамжапырақ, сиыр бауыры, бидай ұрығы, ақсерке, картоп, саңырауқұлақ құрамында да В тобына жататын дәрумендер салыстырмалы түрде жоғары көлемде кездеседі.
Сонымен қатар, жасымық, сиыр еті, банан, жұмсақ ірімшік, асжапырақ, майшабақ, авокадо, Брюссель орамжапырағы, миди, гүлді орамжапырақ, сиыр бауыры, бидай ұрығы, ақсерке, картоп, саңырауқұлақ құрамында да В тобына жататын дәрумендер салыстырмалы түрде жоғары көлемде кездеседі.
Жаңалықтар
0