Қоғам

Қазақстандық паспорт та цифрлық форматқа ауыстырылды

© "Правительство для граждан"Қазақстандық паспорт
Қазақстандық паспорт - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттардың тізімі қазақстандық төлқұжатпен толықты.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
"Цифрлық куәлік өз тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды жөн көрдік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айтуынша, әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, жеке куәлік жоғалғанда немесе жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін.
Мусин бүгінде цифрлық құжаттар eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі екенін атап өтті. Құжаттың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы цифрлық құжатты пайдалану өте ыңғайлы.
Бүгінге күнге дейін паспорттан бөлек ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілген. Бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тест нәтижелері, туу және неке туралы куәлік және тағы басқа.
Жаңалықтар
0