Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы аталып өтті

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде Ұлттық бірлік күні мен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті.
Іс-шараға Қазақстанның билік өкілдері, мемлекет қайраткерлері, дін қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, парламент өкілдері қатысты.
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин өзінің құттықтау сөзінде екі елдің бауырлас халықтары арасындағы қарым-қатынастың көп ғасырлық тарихына тоқталды.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті
Ал Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы одақтастық және стратегиялық әріптестік бағытында қарыштап дамып келе жатқанын атап өтті.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті
Ол екі мемлекет басшыларының, үкіметтердің, сыртқы істер министрліктері мен мемлекеттік органдардың басшылары арасындағы байланыстардың жоғары қарқындылығын, Ресей мен Қазақстан арасындағы берік құқықтық базаны, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ аясында тығыз интеграциялық байланыстарды тілге тиек етті.
Іс-шарада Ресей мен Қазақстан елшілігінің сыртқы саяси ведомство басшылығының және дипломатиялық өкілдіктер басшыларының мақалалар жинағы таныстырылды.
Басылым елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына арналған. Жиынға қатысушыларға мерейтойлық датаны еске салатын төсбелгі тапсырылды, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0