https://sputnik.kz/20221109/petropavlda-zheo-totenshe-zhagday-29162260.html
Петропавлда жылу электр орталығында тағы да төтенше жағдай болды
Петропавлда жылу электр орталығында тағы да төтенше жағдай болды
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша - Sputnik. Петропавлда қалалық жылу электр орталығында тағы бір қайғылы оқиға болды. 22 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алып, ауруханада көз... 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T07:21+0500
2022-11-09T07:21+0500
2022-11-09T07:27+0500
өңірлер
петропавл
жылу электр орталығы
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/05/29061999_0:70:2731:1606_1920x0_80_0_0_acb786f52c0b357f259f4978e9f4664e.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша - Sputnik. Петропавлда қалалық жылу электр орталығында тағы бір қайғылы оқиға болды. 22 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды."Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығармады, бірақ растаған да жоқ. Түсініктеме беретіндерін айтты. Қалалық көпсалалы ауруханада жас жігіттің өлімін растады.Айта кетері, бұл Петропавлдағы 2-ші ЖЭО-да болған мұндай бірінші жағдай емес. Былтыр қаңтарда жылу электр орталығының күл шығару қазандығын тазалау кезінде денесінің 80 процентін күйік шалған жұмысшы қайтыс болды.2021 жылдың 24 желтоқсанында қазандық цехында қазандық қондырғысы іске қосылған кезде су төгетін құбыр жарылып, салдарынан мердігер ұйымның қызметкері зардап шекті. Денесінің 40 процентін күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды. Кейін Ресейдің Омбы қаласындағы күйік орталығына ауыстырылды. Ол биыл қаңтар айының басында өмірден өтті.20 наурызда ЖЭО-дағы мұржа опырылып түсті. Оның сынықтары қазандық цехына құлаған. Үйінді астында қалған 1984 жылы туған жылу электр орталығының жұмысшысы қаза болды.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/05/29061999_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_b934669540af981da7a268a6115d0a93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, жылу электр орталығы, төтенше жағдай
петропавл, жылу электр орталығы, төтенше жағдай
Петропавлда жылу электр орталығында тағы да төтенше жағдай болды
07:21 09.11.2022 (жаңартылды: 07:27 09.11.2022) ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша - Sputnik. Петропавлда қалалық жылу электр орталығында тағы бір қайғылы оқиға болды. 22 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
"ЖЭО-2-де тағы да жұмысшы мерт болды. 5 қарашада құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде 2000 жылы туған жігіттің (мердігер мекеме қызметкері) басына темір балка құлады. 7 қарашада жігіт ауруханада көз жұмды", - делінген ақпаратта.
"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығармады, бірақ растаған да жоқ. Түсініктеме беретіндерін айтты.
Қалалық көпсалалы ауруханада жас жігіттің өлімін растады.
Айта кетері, бұл Петропавлдағы 2-ші ЖЭО-да болған мұндай бірінші жағдай емес.
Былтыр қаңтарда жылу электр орталығының күл шығару қазандығын тазалау кезінде денесінің 80 процентін күйік шалған жұмысшы қайтыс болды.
2021 жылдың 24 желтоқсанында қазандық цехында қазандық қондырғысы іске қосылған кезде су төгетін құбыр жарылып, салдарынан мердігер ұйымның қызметкері зардап шекті. Денесінің 40 процентін күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды. Кейін Ресейдің Омбы қаласындағы күйік орталығына ауыстырылды. Ол биыл қаңтар айының басында өмірден өтті.
20 наурызда ЖЭО-дағы мұржа опырылып түсті. Оның сынықтары қазандық цехына құлаған. Үйінді астында қалған 1984 жылы туған жылу электр орталығының жұмысшысы қаза болды.