Саясат

Мәжілістің қатары жаңа депутатпен толықты

© Sputnik / Владислав ВодневДмитрий Легкий
Дмитрий Легкий - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Дмитрий Легкий мәжіліс депутаты ретінде Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді "Қазақстан халық партиясының" мүшесі Легкий мәжіліс отырысында.
Төменгі палатаның жаңа депутаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов әріптесін құттықтап, қызметіне табыс тіледі.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Легкийді парламент мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген еді.
Дмитрий Легкий 1957 жылы Украинада дүниеге келген. Тарихшы, қоғам қайраткері. Оқытушылық қызметте мол тәжірибесі бар. Ұзақ жылдар бойы Қостанай педагогикалық институында, кейіннен Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті тарих және заң факультеттерінде кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Айта кетері, Конституцияға сәйкес, парламенттің жаңа сайланған депутаты Қазақстан халқына ант береді.
Жаңалықтар
0