https://sputnik.kz/20221109/masimovtin-isin-alqabiler-soty-qaray-almaydy-29169167.html
Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды – Жоғарғы сот
Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды – Жоғарғы сот
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып отырған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды... 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T10:43+0500
2022-11-09T10:43+0500
2022-11-09T10:50+0500
кәрім мәсімов
қылмыстық іс
жоғарғы сот
https://sputnik.kz/img/944/46/9444676_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ca4a95efdcc6fef4446c55e6fd271264.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып отырған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжіліс кулуарында журналистер Жүкеновтен Мәсімов алқабилер сотына үміттене ала ма деп сұрады. Мәсімовтің ісіне "құпия" деген гриф берілді. Сол себепті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасының үстінен қозғалған іс сотта жабық қаралады. Жүкеновтің айтуынша, құпия істер парламент тиісті заңға өзгерістер енгізген жағдайда ғана жария болады. "Кез келген мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қорғау мәселесі бар. Сондықтан мемлекет кейбір ақпаратты жасыруға құқылы. Бұл заңмен реттелуі керек. Біз заң бойынша жұмыс істейміз. Егер заңды өзгертсе, онда негіз пайда болады. Бұл іс (Мәсімовтің ісі - Sputnik) құпия және солай болады. Бірақ, менің ойымша, сіздерге қандай да бір ақпарат беріледі. Өйткені мемлекет қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс", - деді ол. 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды. Кейіннен оның ұсталғаны белгілі болды. Мәсімовке Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі ("мемлекетке опасыздық жасау"), 179-бабы 3-бөлігі ("билікті күшпен басып алу") және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша ("билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") айып тағылып отыр. Жақында ҰҚК-ның бұрынғы төрағасының ісі сотқа жолданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/944/46/9444676_174:0:1954:1335_1920x0_80_0_0_e10ae3fb26f96e0d40293b23ae857a76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов, қылмыстық іс, жоғарғы сот
кәрім мәсімов, қылмыстық іс, жоғарғы сот
Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды – Жоғарғы сот
10:43 09.11.2022 (жаңартылды: 10:50 09.11.2022) АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып отырған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісін алқабилер соты қарай алмайды. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Жүкеновтен Мәсімов алқабилер сотына үміттене ала ма деп сұрады.
"Жоқ. Алқабилер сотының қарауына жатпайтын белгілі бір істер бар", - деп қысқа қайырды ол.
Мәсімовтің ісіне "құпия" деген гриф берілді. Сол себепті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасының үстінен қозғалған іс сотта жабық қаралады.
Жүкеновтің айтуынша, құпия істер парламент тиісті заңға өзгерістер енгізген жағдайда ғана жария болады.
"Кез келген мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қорғау мәселесі бар. Сондықтан мемлекет кейбір ақпаратты жасыруға құқылы. Бұл заңмен реттелуі керек. Біз заң бойынша жұмыс істейміз. Егер заңды өзгертсе, онда негіз пайда болады. Бұл іс (Мәсімовтің ісі - Sputnik) құпия және солай болады. Бірақ, менің ойымша, сіздерге қандай да бір ақпарат беріледі. Өйткені мемлекет қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс", - деді ол.
6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды. Кейіннен оның ұсталғаны белгілі болды.
Мәсімовке Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі ("мемлекетке опасыздық жасау"), 179-бабы 3-бөлігі ("билікті күшпен басып алу") және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша ("билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") айып тағылып отыр.
Жақында ҰҚК-ның бұрынғы төрағасының ісі сотқа жолданды.