https://sputnik.kz/20221109/kopen-amirbek-dunieden-ozdy-29187573.html
Көпен Әмірбек дүниеден озды
Көпен Әмірбек дүниеден озды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Белгілі журналист, сықақшы Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде ақын Серік... 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T17:09+0500
2022-11-09T17:09+0500
2022-11-09T17:19+0500
журналист
https://sputnik.kz/img/1218/31/12183169_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_d4e42df2bde898be2092a399102f46d6.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Белгілі журналист, сықақшы Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде ақын Серік Сейітман жеткізді.Көпен Әмірбек 1950 жылы Түркістан облысының Отырар ауданындағы Ешкіқора ауылында дүниеге келді.ҚазМУ-ді (1974) бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған.1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. Мәскеу (1980) мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты. Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1218/31/12183169_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_7ec2861217520bec5ebfb2ca4dac1cc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Белгілі журналист, сықақшы Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде ақын Серік Сейітман жеткізді.
Көпен Әмірбек 1950 жылы Түркістан облысының Отырар ауданындағы Ешкіқора ауылында дүниеге келді.
ҚазМУ-ді (1974) бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған.
1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген.
"Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы.
Мәскеу (1980) мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты.
Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған.
"Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен.