Болашақ ұшқыштарды дайындайтын әлемдік стандартқа сай орталық құрылады

© Sputnik / Тимур БатыршинКурсанттар, архивтегі фото
Курсанттар, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстанның Азаматтық авиация академиясы мен Литваның авиация холдингі арасында оқу орталығын құру жоспарланып отыр.
Қазақстан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "AVIA Solutions Group" холдингі директорлар кеңесінің мүшесі Вигаудас Ушацкаспен кездесті. Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
"Вигаудас Ушацкас ҚР Азаматтық авиация академиясы мен "AVIA Solutions Group" көп сервистік авиациялық холдингі арасында оқу орталығын құруды ұсынды", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ тараптар Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) ұшқыштарды даярлау жөніндегі сертификатын алуға Азаматтық авиация академиясын дайындау мәселелерін талқылады.
Министр Саясат Нұрбек жоғары білім беруді дамыту, оның ішінде қазақстандық авиация үшін ұшқыштар мен инженерлерді сапалы даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Жаңалықтар
0