https://sputnik.kz/20221109/astanada-eki-perinataldyq-ortalyq-salynady-29181946.html
Астанада екі перинаталдық орталық салынады
Астанада екі перинаталдық орталық салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Елордада екі перинаталдық орталық бой көтереді. 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T15:05+0500
2022-11-09T15:05+0500
2022-11-09T15:05+0500
перинаталдық орталық
https://sputnik.kz/img/old/1272/94/12729452_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_74ae9405feb3450284bc18c2d02f60ff.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Елордада екі перинаталдық орталық бой көтереді.Оның бірі Алматы ауданында – 1 көпбейінді қалалық аурухана маңында салынады, деді Астана әкімі Алтай Көлгінов медициналық мекеме басшыларымен кездесуде.Ол сондай-ақ теміржол ауруханасы (3 көпбейінді қалалық аурухана) Ramada Plaza ғимаратына көшетінін еске салды. Ескі теміржол ауруханасының аумағында (Сарыарқа ауданы) жаңа перинаталдық орталық салынады, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.Оның айтуынша, сондай-ақ "Жағалау-3" және "Нұрлы жол" теміржол бекеті ауданында амбулаториялық емхана кешендері, "Көктал-1", "Пригородный", "Тельман" тұрғын үй алаптарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарын салу жоспарланып отыр.Қала әкімі атап өткендей, соңғы 3 жылда қағамдық қолжетімділік аясында 40 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылды (оның 7-еуі тұрғын үй алаптарында). Жыл соңына дейін осындай тағы 10 нысанды ашу жоспарланып отыр.Әкім 2020 жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 60%-ке, медициналық қызметкерлердің жалақысы 50%-ке өскенін еске салды. Келесі жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35%-ке, медициналық қызметкерлердің жалақысын 10%-ке көтеру жоспарланып отыр. Кадрларды тарту үшін әкімдік гранттар бөліп отыр. Мысалы, 3 жыл ішінде жоғары оқу орындарына 750 грант бөлінді. Осы оқу жылында 250-ге жуық грант бөлінген.Медицина қызметкерлеріне арнап жатақхана салу жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1272/94/12729452_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_8704c9cd33a4363fc9e79ac3f12c9d3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
перинаталдық орталық
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Елордада екі перинаталдық орталық бой көтереді.
Оның бірі Алматы ауданында – 1 көпбейінді қалалық аурухана маңында салынады, деді Астана әкімі Алтай Көлгінов медициналық мекеме басшыларымен кездесуде.
Ол сондай-ақ теміржол ауруханасы (3 көпбейінді қалалық аурухана) Ramada Plaza ғимаратына көшетінін еске салды. Ескі теміржол ауруханасының аумағында (Сарыарқа ауданы) жаңа перинаталдық орталық салынады, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, сондай-ақ "Жағалау-3" және "Нұрлы жол" теміржол бекеті ауданында амбулаториялық емхана кешендері, "Көктал-1", "Пригородный", "Тельман" тұрғын үй алаптарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарын салу жоспарланып отыр.
Қала әкімі атап өткендей, соңғы 3 жылда қағамдық қолжетімділік аясында 40 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылды (оның 7-еуі тұрғын үй алаптарында). Жыл соңына дейін осындай тағы 10 нысанды ашу жоспарланып отыр.
Әкім 2020 жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 60%-ке, медициналық қызметкерлердің жалақысы 50%-ке өскенін еске салды. Келесі жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35%-ке, медициналық қызметкерлердің жалақысын 10%-ке көтеру жоспарланып отыр. Кадрларды тарту үшін әкімдік гранттар бөліп отыр. Мысалы, 3 жыл ішінде жоғары оқу орындарына 750 грант бөлінді. Осы оқу жылында 250-ге жуық грант бөлінген.
Медицина қызметкерлеріне арнап жатақхана салу жоспарланып отыр.