"Астана-Зеленстрой" директорына қатысты тергеу аяқталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәліге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
"Наурызәлі осы жылдың 2 қыркүйегінде "Табиғат НС Сервис" ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Наурызәліні Қазақстан Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша процестік ұстау шарасы кінәні толық мойындауына байланысты қолданылмады. Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Жаңалықтар
0