Астана тұрғыны сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді

© Photo : pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Астана тұрғыны бірге тұратын сүйіктісінің көлігін өртеп жібергені үшін тергеуге алынды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.
31 жастағы ер адам жанжал кезінде пәтердегі жиһаз бен техниканы сындырып тастаған. Онымен қоймай, далада тұрған Honda Logo көлігін өртеген. Содан кейін әйелге көлігін өртеп жібергені туралы жазған. Жәбірленуші бірден полицияға арыз түсірді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру, өрт қою арқылы жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.
Айта кетері, бұл қылмыс үшін 3 000-7 000 айлық есептік көрсеткіш (9 540 000 – 22 260 000) мөлшерінде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, я болмаса, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Подожженная спичка - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Бұрынғы бастығынан кек алмақ болған ер адам гаражды өртеп жіберді
Жаңалықтар
0