https://sputnik.kz/20221109/astana-ankarany-zhana-aue-reysi-29182374.html
Астана мен Анкараны жаңа әуе рейсі жалғайды
Астана мен Анкараны жаңа әуе рейсі жалғайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Түркия арасында жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды ИИДМ Азаматтық авиация комитеті. 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T15:23+0500
2022-11-09T15:23+0500
2022-11-09T15:23+0500
қоғам
анкара
рейстер
https://sputnik.kz/img/old/1163/82/11638279_0:0:3147:1771_1920x0_80_0_0_69f1e857c948dc9577af798f61ca402f.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Түркия арасында жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды ИИДМ Азаматтық авиация комитеті.Комитет Түркияның авиация билігімен келіссөз жүргізіп, әуе рейстері санын екі есе көбейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.Атқарылған жұмыстың нәтижесінде "Turkish Airlines" түрік әуе компаниясы биыл 20 қарашадан бастап Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жексенбі сайын орындалады. Жолаушыларды А-320 және Б-737 типті ұшақтар тасымалдайды.Сонымен қатар, осы жылы 5 желтоқсаннан бастап "Turkish Airlines" компаниясы Астана және Анкара қалалары арасында жаңа рейс ашады. Рейстердің жиілігі – аптасына 2 рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері. Жолаушылар А-320 және Б-737 типті әуе кемелерімен ұшады."Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп мәлімдеді Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.Комитет рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады.
анкара
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1163/82/11638279_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_85079c906cf267bfde3172063838fc01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
анкара, рейстер
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Түркия арасында жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды ИИДМ Азаматтық авиация комитеті.
Комитет Түркияның авиация билігімен келіссөз жүргізіп, әуе рейстері санын екі есе көбейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде "Turkish Airlines" түрік әуе компаниясы биыл 20 қарашадан бастап Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жексенбі сайын орындалады. Жолаушыларды А-320 және Б-737 типті ұшақтар тасымалдайды.
Сонымен қатар, осы жылы 5 желтоқсаннан бастап "Turkish Airlines" компаниясы Астана және Анкара қалалары арасында жаңа рейс ашады. Рейстердің жиілігі – аптасына 2 рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері. Жолаушылар А-320 және Б-737 типті әуе кемелерімен ұшады.
"Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп мәлімдеді Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.
Комитет рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады.