https://sputnik.kz/20221108/toqaev-televiviziyalyq-debatqa-nege-qatyspaydy-29137273.html
Тоқаев телевизиялық дебатқа неге қатыспайды – ОСК түсініктемесі
Тоқаев телевизиялық дебатқа неге қатыспайды – ОСК түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін телевизиялық дебатқа президенттікке кандидат, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт... 08.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-08T11:47+0500
2022-11-08T11:47+0500
2022-11-08T11:56+0500
президент сайлауы - 2022
қасым-жомарт тоқаев
цифрлық телевизия
https://sputnik.kz/img/952/22/9522208_0:131:2501:1537_1920x0_80_0_0_798041c9d229a2bf8180ef68d27883f4.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін телевизиялық дебатқа президенттікке кандидат, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неге қатыспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, сайлауалды үгітті өз өкілеті шегінде кандидаттардың сенімді өкілі жүргізеді. Сондықтан сенімді өкіл үміткердің атынан телевизиялық пікірталасқа қатысады. Өйткені ол кісіні кандидат өзі таңдап, сенім артқан. Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауы алдындағы телевизиялық дебат 11 қарашада "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде кешкі 20.00-де өтеді. Пікірсайыстың ұзақтығы кемінде 80 минут. Дебатты ұйымдастыруға 63 миллион теңге жұмсалады. Телевизиялық дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспайды, оның атынан сенімді өкілі Ерлан Қошанов сөз сөйлейді. Қалған кандидаттар пікірталасқа өздері келеді. Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/952/22/9522208_138:0:2361:1667_1920x0_80_0_0_e31fcc34cc72732075acf35aecc048eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, цифрлық телевизия
қасым-жомарт тоқаев, цифрлық телевизия
Тоқаев телевизиялық дебатқа неге қатыспайды – ОСК түсініктемесі
11:47 08.11.2022 (жаңартылды: 11:56 08.11.2022) АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін телевизиялық дебатқа президенттікке кандидат, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неге қатыспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, сайлауалды үгітті өз өкілеті шегінде кандидаттардың сенімді өкілі жүргізеді. Сондықтан сенімді өкіл үміткердің атынан телевизиялық пікірталасқа қатысады. Өйткені ол кісіні кандидат өзі таңдап, сенім артқан.
"Дебатқа қатыспаудың нақты себебін Орталық сайлау комиссиясы білмейді. Біз алғашқы отырысты өткізген кезде, бүкіл штабқа сауал жолдаған едік. Штабтар дебатқа қатысатын кандидатураны ұсынды. Біз сенімхатты қарап шықтық. Ол міндеттерге толығымен сай келеді. Сол себепті осындай тізім бекітілді", деп жауап берді Щегорцова.
Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауы алдындағы телевизиялық дебат 11 қарашада "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде кешкі 20.00-де өтеді. Пікірсайыстың ұзақтығы кемінде 80 минут. Дебатты ұйымдастыруға 63 миллион теңге жұмсалады.
Телевизиялық дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспайды, оның атынан сенімді өкілі Ерлан Қошанов сөз сөйлейді. Қалған кандидаттар пікірталасқа өздері келеді.
Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.