https://sputnik.kz/20221108/qazaqstandyqtar-bankter-131-trln-tenge-qaryz-29149493.html
Қазақстандықтар банктерге 13,1 трлн теңге қарыз
Қазақстандықтар банктерге 13,1 трлн теңге қарыз
Sputnik Қазақстан
Берешектің басым бөлігі, 7 трлн теңгеден астамы – тұтынушылық несие 08.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-08T16:46+0500
2022-11-08T16:46+0500
2022-11-08T16:46+0500
экономика
қазақстандықтар
қарыз
банк
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613573_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_2858dd3c3e97f06a42a41cd1af1b08b1.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктерге қарызы 13,1 триллион теңгені құрап отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.Агенттіктің ақпаратынша, биыл қыркүйекте ел экономикасына кредиттер 2,0%-ке өсіп, 21,1 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері өсім – 14,1% немесе 2,6 трлн теңге. Соның ішінде ұлттық валютадағы кредиттер 1,8%-ке, 19,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасындағы несиелер 4,4%-ке, 1,8 трлн теңгеге дейін өсті.Бұл ретте халықтың банктерге қарызы 13,1 триллион теңгеге жеткен.Агенттік қазақстандықтарға берілген кредиттердің өсуін жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар аясында ипотекалық несиелеудің 3,3%-ке, 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюымен, сондай-ақ тұтынушылық қарыздың 2,3%-ке, 7,2 трлн теңгеге дейін артуымен байланыстырып отыр.Сондай-ақ заңды тұлғалар банктерден 8,0 трлн теңге кредит алған. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 3,6%-ке өсті.Биыл қыркүйекте заңды тұлғаларға 988 млрд теңге қарыз берілді, бұл 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда 1,5%-ке көп. Ірі бизнеске берілген қарыз жыл басынан бері 2,7%-ке, 3,3 трлн теңгеге дейін, ШОБ (жеке кәсіпкерлікті қоса алғанда) несиелері 6,8%-ке, 5,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,1%), саудаға (21,4%), құрылысқа (7,6%) және көлікке (5,4%) тиесілі.Бұдан бөлек, заңды тұлғалардың депозиттері 4,2%-ке, 15,2 трлн теңгеге дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері 2,1%-ке, 13,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613573_319:0:2570:1688_1920x0_80_0_0_5d67f605af043e0e118731e6e437217c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандықтар, қарыз, банк
қазақстандықтар, қарыз, банк
Қазақстандықтар банктерге 13,1 трлн теңге қарыз
Берешектің басым бөлігі, 7 трлн теңгеден астамы – тұтынушылық несие
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктерге қарызы 13,1 триллион теңгені құрап отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Агенттіктің
ақпаратынша, биыл қыркүйекте ел экономикасына кредиттер 2,0%-ке өсіп, 21,1 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері өсім – 14,1% немесе 2,6 трлн теңге. Соның ішінде ұлттық валютадағы кредиттер 1,8%-ке, 19,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасындағы несиелер 4,4%-ке, 1,8 трлн теңгеге дейін өсті.
Бұл ретте халықтың банктерге қарызы 13,1 триллион теңгеге жеткен.
"Жеке тұлғалардың кредиттері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5%-ке ұлғайып, 13,1 трлн теңгені құрады. Несиелер осы жылдың басынан бері 21,6%-ке өсті", - делінген хабарламада.
Агенттік қазақстандықтарға берілген кредиттердің өсуін жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар аясында ипотекалық несиелеудің 3,3%-ке, 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюымен, сондай-ақ тұтынушылық қарыздың 2,3%-ке, 7,2 трлн теңгеге дейін артуымен байланыстырып отыр.
Сондай-ақ заңды тұлғалар банктерден 8,0 трлн теңге кредит алған. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 3,6%-ке өсті.
Биыл қыркүйекте заңды тұлғаларға 988 млрд теңге қарыз берілді, бұл 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда 1,5%-ке көп. Ірі бизнеске берілген қарыз жыл басынан бері 2,7%-ке, 3,3 трлн теңгеге дейін, ШОБ (жеке кәсіпкерлікті қоса алғанда) несиелері 6,8%-ке, 5,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,1%), саудаға (21,4%), құрылысқа (7,6%) және көлікке (5,4%) тиесілі.
Бұдан бөлек, заңды тұлғалардың депозиттері 4,2%-ке, 15,2 трлн теңгеге дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері 2,1%-ке, 13,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.