https://sputnik.kz/20221108/2025-zhylga-deyin-zhastar-ushin-12-myn-zhaldamaly-pater-salynady-29157873.html
2025 жылға дейін жастар үшін 12 мың жалдамалы пәтер салынады
2025 жылға дейін жастар үшін 12 мың жалдамалы пәтер салынады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Алдағы үш жылда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады, деп хабарлады индустрия... 08.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-08T19:20+0500
2022-11-08T19:20+0500
2022-11-08T19:20+0500
жалдамалы баспана
жастар
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743396_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_3955c548ecb235019c432c4448141a4a.jpg
АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Алдағы үш жылда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады, деп хабарлады индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі."Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын 3 мың пәтер салу және сатып алу көзделіп отыр. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге қарастырылған.Бұл баспаналар 5 жылға жалға беріледі. Ал кейін тұрғын үй келесі үміткерлерге босатылады. Яғни, жалға берілген пәтерлерді сатып алу құқығы болмайды.2019 жылдан бері "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейтін жастарға еліміздегі үш мегаполисте 7 мыңға жуық жалға берілетін пәтер салынды.Сонымен қатар Астана қаласында "Елорда жастары", Алматы қаласында "Алматы жастары", Қарағанды облысында "Қарағанды жастары", Жамбыл облысында "Әулие ата жастары", Батыс Қазақстан облысында "Орал жастары", Қостанай облысында "Қостанай жастары", Алматы облысында "Алатау жастары", Атырау облысында "Атырау жастары" тұрғын үй бағдарламалары іске қосылды. Бұдан бөлек, Павлодар облысында "Ертіс жастары", Абай облысында "Абай жастары", Ақтөбе облысында "Ақтөбе жастары" өңірлік несиелендіру бағдарламалары даярланып жатыр.Өңірлік бағдарламалар жұмыс істейтін жастарды жергілікті бюджеттен тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген. Алғашқы жарна көлемі – 0-10 пайыз. Несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743396_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_e41a6d2a0c820ddb4f260957dbdf0feb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалдамалы баспана, жастар
жалдамалы баспана, жастар
АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Алдағы үш жылда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады, деп хабарлады индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі.
"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын 3 мың пәтер салу және сатып алу көзделіп отыр. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге қарастырылған.
Бұл баспаналар 5 жылға жалға беріледі. Ал кейін тұрғын үй келесі үміткерлерге босатылады. Яғни, жалға берілген пәтерлерді сатып алу құқығы болмайды.
2019 жылдан бері "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейтін жастарға еліміздегі үш мегаполисте 7 мыңға жуық жалға берілетін пәтер салынды.
Сонымен қатар Астана қаласында "Елорда жастары", Алматы қаласында "Алматы жастары", Қарағанды облысында "Қарағанды жастары", Жамбыл облысында "Әулие ата жастары", Батыс Қазақстан облысында "Орал жастары", Қостанай облысында "Қостанай жастары", Алматы облысында "Алатау жастары", Атырау облысында "Атырау жастары" тұрғын үй бағдарламалары іске қосылды. Бұдан бөлек, Павлодар облысында "Ертіс жастары", Абай облысында "Абай жастары", Ақтөбе облысында "Ақтөбе жастары" өңірлік несиелендіру бағдарламалары даярланып жатыр.
Өңірлік бағдарламалар жұмыс істейтін жастарды жергілікті бюджеттен тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген. Алғашқы жарна көлемі – 0-10 пайыз. Несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейін.