https://sputnik.kz/20221107/zhana-tugan-narestelerdi-saudalagan-qylmystyq-top-anyqtaldy-29110758.html
Жаңа туған нәрестелерді саудалаған қылмыстық топ анықталды
Жаңа туған нәрестелерді саудалаған қылмыстық топ анықталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 қараша – Sputnik. Жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікпен бес адам, оның ішінде жалған құжат жасаған АХАЖ қызметкері ұсталып, уақытша ұстау... 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T14:23+0500
2022-11-07T14:23+0500
2022-11-07T14:23+0500
бала саудасы
https://sputnik.kz/img/old/1272/94/12729452_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_74ae9405feb3450284bc18c2d02f60ff.jpg
АЛМАТЫ, 7 қараша – Sputnik. Жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікпен бес адам, оның ішінде жалған құжат жасаған АХАЖ қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қылмыстық әрекеттің алты эпизодына қатысы бар екені дәлелденді.Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелерді саудалаған қылмыстық топқа қатысты ұзаққа созылған тергеп-тексеру амалдары тамыз айында аяқталды. Ұйымдасқан топ баласы жоқ жұптарға нәрестелерді заңсыз түрде рәсімдеген.Оның айтуынша, бала саудасы бір миллионнан екі миллион теңгеге дейін, ал жалған құжат жасап, анықтама беру құны 700 мың теңгеге бағаланған.Күдіктілердің жаңа туған нәрестелерді сатудың алты оқиғасына қатысы бар екені анықталды.Бес айыпталушы да уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1272/94/12729452_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_8704c9cd33a4363fc9e79ac3f12c9d3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала саудасы
Жаңа туған нәрестелерді саудалаған қылмыстық топ анықталды
АЛМАТЫ, 7 қараша – Sputnik. Жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікпен бес адам, оның ішінде жалған құжат жасаған АХАЖ қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қылмыстық әрекеттің алты эпизодына қатысы бар екені дәлелденді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелерді саудалаған қылмыстық топқа қатысты ұзаққа созылған тергеп-тексеру амалдары тамыз айында аяқталды. Ұйымдасқан топ баласы жоқ жұптарға нәрестелерді заңсыз түрде рәсімдеген.
"Бір топ адам, оның ішінде аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкері баласынан бас тартқысы келген жүкті әйелдер мен баласы жоқ жұптарды іздеумен және жалған туу туралы куәліктер жасаумен айналысқан", - деді ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.
Оның айтуынша, бала саудасы бір миллионнан екі миллион теңгеге дейін, ал жалған құжат жасап, анықтама беру құны 700 мың теңгеге бағаланған.
Күдіктілердің жаңа туған нәрестелерді сатудың алты оқиғасына қатысы бар екені анықталды.
Бес айыпталушы да уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.