https://sputnik.kz/20221107/zeynetaqy-zhinagyn-balamaly-maqsatqa-paydalanu-qarqyny-bayaulady--bzhzq-29112066.html
Зейнетақы жинағын баламалы мақсатқа пайдалану қарқыны баяулады – БЖЗҚ
Зейнетақы жинағын баламалы мақсатқа пайдалану қарқыны баяулады – БЖЗҚ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағын баламалы мақсатқа пайдалану қарқыны баяулағанын хабарлады. 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T21:52+0500
2022-11-07T21:52+0500
2023-08-10T17:02+0500
зейнетақы жинағы
бжзқ
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_1a15f89c4e32c279073b5fc7163ce170.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағын баламалы мақсатқа пайдалану қарқыны баяулағанын хабарлады.1 қарашадағы мәлімет бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап 1 336 516 салымшы зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдаланған.Банкте ашылған арнайы шоттарға шамамен 3,2 триллион теңге аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 2,4 миллион теңгені құрады.Көбінесе (барлық өтініштің 36%-ке жуығы) қазақстандықтар зейнетақы жинағын азаматтық-құқықтық мәміле (соңғы есеп айырысу) және жеке тұрғын үй құрылысы (егер олардың меншігінде жер учаскесі болса) бойынша тұрғын үй алу үшін қолданып отыр.21%-тен астам өтінім тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламасы бойынша пайдалану мақсатында орындалды.Тұрғын үй құрылыс жинағындағы салымды одан әрі толықтыру мақсатында өтінімдердің тағы 21%-і орындалды.Өтініштердің шамамен 20%-і тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны төлеуге, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық және ішінара өтеуге және оны қайта қаржыландыруға қатысты болды.Құзырла операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) шамамен 456,3 миллиард теңге қаражат қайтарылды. Себебі сұраным иесінің өтініші және өзге де себептермен қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін белгіленген мерзімде тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбаған.БЖЗҚ емделуге берілген 311,1 миллиард теңгеге 395 730 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 800 мың теңгені құрайды. Осы жылдың қазан айында шамамен 3 миллиард теңге сомасына 2 362 өтініш орындалды. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың осы айында 10,8 миллиард теңгеге 12 462 өтініш мақұлданған.Көбінесе (өтініштердің 96%-тен астамы) қазақстандықтар өз жинағын стоматологиялық қызмет алу үшін медициналық мақсатта пайдаланады. Офтальмологиялық қызмет алу мақсатында өтініштердің 2,8%-і ғана орындалған. Зейнетақы жинағының 1%-тен азы басқа медициналық салаларға жұмсалды.Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушылар 5 891 өтініш негізінде шамамен 8,7 миллиард теңге аударды. Бұл ретте бірегей өтініш берушілердің жалпы саны 3379 адамды құрайды, яғни жинақтарының бір бөлігін бірнеше басқарушы компанияға аударуға шешім қабылдаған салымшылар бар. Орташа аударым сомасы шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_11:0:1344:1000_1920x0_80_0_0_5e0aa9abb1d0bde35c66c007290d8366.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы, бжзқ
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағын баламалы мақсатқа пайдалану қарқыны баяулағанын хабарлады.
1 қарашадағы мәлімет бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап 1 336 516 салымшы зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдаланған.
Банкте ашылған арнайы шоттарға шамамен 3,2 триллион теңге аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 2,4 миллион теңгені құрады.
"Айта кетері, зейнетақы жинағын алу қарқыны төмендеп келеді. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында 7,5 миллиард теңгеге 2 993 өтініш орындалған. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылдың қазан айында 87,8 миллиард теңгеге 35 434 өтініш орындалды. Баяғыдай мақұлданған өтініштердің басым бөлігі Алматы (17,61%), Астана (14%), Маңғыстау облысы (10,33%) тұрғындарының үлесіне тиесілі", - деп хабарлады БЖЗҚ.
Көбінесе (барлық өтініштің 36%-ке жуығы) қазақстандықтар зейнетақы жинағын азаматтық-құқықтық мәміле (соңғы есеп айырысу) және жеке тұрғын үй құрылысы (егер олардың меншігінде жер учаскесі болса) бойынша тұрғын үй алу үшін қолданып отыр.
21%-тен астам өтінім тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламасы бойынша пайдалану мақсатында орындалды.
Тұрғын үй құрылыс жинағындағы салымды одан әрі толықтыру мақсатында өтінімдердің тағы 21%-і орындалды.
Өтініштердің шамамен 20%-і тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны төлеуге, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық және ішінара өтеуге және оны қайта қаржыландыруға қатысты болды.
Құзырла операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) шамамен 456,3 миллиард теңге қаражат қайтарылды. Себебі сұраным иесінің өтініші және өзге де себептермен қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін белгіленген мерзімде тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбаған.
БЖЗҚ емделуге берілген 311,1 миллиард теңгеге 395 730 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 800 мың теңгені құрайды. Осы жылдың қазан айында шамамен 3 миллиард теңге сомасына 2 362 өтініш орындалды. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың осы айында 10,8 миллиард теңгеге 12 462 өтініш мақұлданған.
Көбінесе (өтініштердің 96%-тен астамы) қазақстандықтар өз жинағын стоматологиялық қызмет алу үшін медициналық мақсатта пайдаланады. Офтальмологиялық қызмет алу мақсатында өтініштердің 2,8%-і ғана орындалған. Зейнетақы жинағының 1%-тен азы басқа медициналық салаларға жұмсалды.
Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушылар 5 891 өтініш негізінде шамамен 8,7 миллиард теңге аударды. Бұл ретте бірегей өтініш берушілердің жалпы саны 3379 адамды құрайды, яғни жинақтарының бір бөлігін бірнеше басқарушы компанияға аударуға шешім қабылдаған салымшылар бар. Орташа аударым сомасы шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды.