https://sputnik.kz/20221107/toqaev-mangystau-oblysyna-bardy-29096392.html
Тоқаев Маңғыстау облысына барды
Тоқаев Маңғыстау облысына барды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда. 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T11:34+0500
2022-11-07T11:34+0500
2022-11-07T11:42+0500
өңірлер
қасым-жомарт тоқаев
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14538689_0:196:2730:1732_1920x0_80_0_0_54766cbb737f36e4fd6eb019dee32062.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.Сапар аясында президент Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті.Мемлекет басшысы кездесуді Әбіш Кекілбаев туралы естеліктен бастады. "Ақтауға келердің алдында жанашыр әрі ақылшы ағамыз болған Әбіш Кекілбаев ойыма оралды. Әбекең екеуіміз біраз жыл қызметтес болып, бірге жүрдік. Аға-іні ретінде сыйласып, жақын араластық. Еліміздің өткені, бүгіні және болашағы туралы жиі әңгімелесетін едік. Әдебиет тақырыбында пікір алмастық. Қазір "Әбіш әлемі" деген ұғым халқымыздың санасына әбден сіңіп кетті. Расында, бірегей тұлға, аса көрнекті жазушы, тарихшы, философ Әбіш Кекілбаевты біз және өскелең ұрпақ әрқашан жадымызда сақтауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық, ұлттық борышымыз", - деді Тоқаев. Абыз ағамыз – барша қазақтың мақтанышы. Әбекең туған өлкесі Маңғыстауды ерекше жақсы көретін. Қасиетті орындары, қайталанбас табиғаты және кеңпейіл халқы туралы сөйлегенде шабыттанып кететін. "Маңғыстаудың дариясы – халқының көкірегінде" деп жиі айтатын. Осы өңірге келген сайын сол сөздердің ақиқат екеніне көзіміз жететіні анық, деді ол.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14538689_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_2973c1e007c0164db07faede217f9d8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
Тоқаев Маңғыстау облысына барды
11:34 07.11.2022 (жаңартылды: 11:42 07.11.2022) АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында президент Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті.
Мемлекет басшысы кездесуді Әбіш Кекілбаев туралы естеліктен бастады.
"Ақтауға келердің алдында жанашыр әрі ақылшы ағамыз болған Әбіш Кекілбаев ойыма оралды. Әбекең екеуіміз біраз жыл қызметтес болып, бірге жүрдік. Аға-іні ретінде сыйласып, жақын араластық. Еліміздің өткені, бүгіні және болашағы туралы жиі әңгімелесетін едік. Әдебиет тақырыбында пікір алмастық. Қазір "Әбіш әлемі" деген ұғым халқымыздың санасына әбден сіңіп кетті. Расында, бірегей тұлға, аса көрнекті жазушы, тарихшы, философ Әбіш Кекілбаевты біз және өскелең ұрпақ әрқашан жадымызда сақтауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық, ұлттық борышымыз", - деді Тоқаев.
Абыз ағамыз – барша қазақтың мақтанышы. Әбекең туған өлкесі Маңғыстауды ерекше жақсы көретін. Қасиетті орындары, қайталанбас табиғаты және кеңпейіл халқы туралы сөйлегенде шабыттанып кететін. "Маңғыстаудың дариясы – халқының көкірегінде" деп жиі айтатын. Осы өңірге келген сайын сол сөздердің ақиқат екеніне көзіміз жететіні анық, деді ол.