https://sputnik.kz/20221107/ridderde-totenshe-zhagday-zhariyalandy-29088860.html
Риддерде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды – шұғыл штаб құрылды
Риддерде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды – шұғыл штаб құрылды
Sputnik Қазақстан
7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T09:00+0500
2022-11-07T09:00+0500
2022-11-07T09:39+0500
өңірлер
риддер
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/09/02/27240877_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_4c31fb8aeca40b0492224463b0a91bea.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Риддер қаласында жылу электр станциясынан тағы ақау шықты. Мыңдаған үй жылусыз қалды. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 5 қараша кешкі сағат 20.00-де күл шығару жүйесінің сорғысы істен шықты. 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда тоқтатылды. Соның салдарынан жылу жүйесіндегі судың температурасы +30 градусқа дейін төмендеді. Ал қалыпты температура мөлшері +70 болуы шарт. Риддер қаласында 22 мыңнан астам абоненттің үйі салқындап кеткен. 7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.Сондай-ақ, осы уақытта қаланың мектепке дейінгі мекемелері жұмысын тоқтатады. Қалада апатты жою жөніндегі шұғыл штаб құрылды. Оған облыс әкімі жетекшілік етеді. Жылу станциясына Согра және Өскемен ЖЭО, "Өскемен жылу желілері" АҚ мамандары барған. Олар күл шығару жүйесінде қозғалтқышты ауыстыру және іске қосу-реттеу жұмыстарын бастап кетті. ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілген. Ал "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкерін жіберген. Сондай-ақ, Өскеменнен "Востоквзрывпром" ЖШС-нің 20 маманы барды."Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" компаниясы да Риддерге 12 авариялық бригадасын жіберді. ЖЭС-да жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/02/27240877_106:0:1815:1282_1920x0_80_0_0_4fc0f6e777521f85a329b3b8da0b2a15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, төтенше жағдай
Риддерде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды – шұғыл штаб құрылды
09:00 07.11.2022 (жаңартылды: 09:39 07.11.2022) 7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Риддер қаласында жылу электр станциясынан тағы ақау шықты. Мыңдаған үй жылусыз қалды. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 қараша кешкі сағат 20.00-де күл шығару жүйесінің сорғысы істен шықты. 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда тоқтатылды.
Соның салдарынан жылу жүйесіндегі судың температурасы +30 градусқа дейін төмендеді. Ал қалыпты температура мөлшері +70 болуы шарт. Риддер қаласында 22 мыңнан астам абоненттің үйі салқындап кеткен.
7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.
Сондай-ақ, осы уақытта қаланың мектепке дейінгі мекемелері жұмысын тоқтатады.
Қалада апатты жою жөніндегі шұғыл штаб құрылды. Оған облыс әкімі жетекшілік етеді. Жылу станциясына Согра және Өскемен ЖЭО, "Өскемен жылу желілері" АҚ мамандары барған. Олар күл шығару жүйесінде қозғалтқышты ауыстыру және іске қосу-реттеу жұмыстарын бастап кетті.
ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілген. Ал "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкерін жіберген. Сондай-ақ, Өскеменнен "Востоквзрывпром" ЖШС-нің 20 маманы барды.
"Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" компаниясы да Риддерге 12 авариялық бригадасын жіберді. ЖЭС-да жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.