https://sputnik.kz/20221107/qyzylordada-seul-gylym-zhane-tekhnologiyalar-universitetinin-filialy-ashylady-29120872.html
Қызылордада Сеул ғылым және технологиялар университетінің филиалы ашылады
Қызылордада Сеул ғылым және технологиялар университетінің филиалы ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Кореядан келген делегациямен кездесу өтті. Жиында екі елдің білім беру... 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T19:57+0500
2022-11-07T19:57+0500
2022-11-07T19:57+0500
сеул
қызылорда
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/07/29119715_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d8e4850fa86e2967815f1389a042c925.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Кореядан келген делегациямен кездесу өтті. Жиында екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.Кездесуде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова қазіргі уақытта университет 170-тен астам шетелдік оқу орны, мәдени және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық байланыста екенін атап өтті. Бұл елдердің ішінде Корея Республикасы ерекше орын алады.Университетте өткен кездесуде бюджет жөніндегі арнайы комиссияның төрағасы, Кореяның ұлттық қаһарманы, генерал Хон Бом До қоғамының төрағасы У Вон Сик Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті инженерлік мектебінің филиалын кезең-кезеңімен ашу жоспарланғанын айтты, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп жұмыс жүргізу Қызылорда облысының және жалпы еліміздің экономикалық және цифрлық дамуына үлкен үлес қосады.Кездесу барысында Кореядан келген делегация университет кітапханасындағы "Қолжазбалар және сирек кітаптар" бөлімінің қорымен танысты. Корей тіліндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
сеул
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/07/29119715_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_42a754bb38202998d01e668767455cd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сеул, қызылорда
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Кореядан келген делегациямен кездесу өтті. Жиында екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесуде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова қазіргі уақытта университет 170-тен астам шетелдік оқу орны, мәдени және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық байланыста екенін атап өтті. Бұл елдердің ішінде Корея Республикасы ерекше орын алады.
Университетте өткен кездесуде бюджет жөніндегі арнайы комиссияның төрағасы, Кореяның ұлттық қаһарманы, генерал Хон Бом До қоғамының төрағасы У Вон Сик Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті инженерлік мектебінің филиалын кезең-кезеңімен ашу жоспарланғанын айтты, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп жұмыс жүргізу Қызылорда облысының және жалпы еліміздің экономикалық және цифрлық дамуына үлкен үлес қосады.
Кездесу барысында Кореядан келген делегация университет кітапханасындағы "Қолжазбалар және сирек кітаптар" бөлімінің қорымен танысты. Корей тіліндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.