https://sputnik.kz/20221107/prezident-turgyndar-su-29099469.html
Президент тұрғындардың суға кезегі жайлы: мұндай жағдайға шыдап отыруға болмайды
Президент тұрғындардың суға кезегі жайлы: мұндай жағдайға шыдап отыруға болмайды
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Кендірлі ауылындағы су тұшытатын зауыттың құрылысын бастауды тапсырды 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T11:59+0500
2022-11-07T11:59+0500
2022-11-07T11:59+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
су
https://sputnik.kz/img/04/25/042508_0:150:3077:1880_1920x0_80_0_0_8e75b16f236562b97c7e8e03efe4395c.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.Президенттің айтуынша, Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту керек.Ол 2025 жылға қарай облыста суға деген сұраныс 260 мың текше метрге дейін өсуі мүмкін екенін мәлімдеді."Мен бес жыл ішінде өңірдегі барлық қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойып отырмын. Әкімдік бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Менің тапсырмаммен жыл аяғына дейін 12 ауыл орталықтан берілетін су жүйесіне қосылады", - деді президент.Сондай-ақ өңірде 2025 жылға дейін су тұшыту жөніндегі 9 жоба, магистральді су құбырын салу және қайта жаңғырту жөніндегі 4 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, мерзімі созылып бара жатқан жобалар да бар."Кендірлі ауылындағы су тұшытатын зауыттың құрылысын бастау керек. 33 жыл бұрын пайдалануға берілген Астрахань – Маңғыстау су құбыры әбден тозған. Оны жаңғырту және кеңейту жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Үкімет және "Самұрық-Қазына" қоры барлық жұмысты мерзімінде орындауға тиіс", - деді ол.Бұған қоса мемлекет басшысы "МАЭК-Қазатомпромның" қуатын арттыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Өңірдің үздіксіз дамуына және халық санының өсуіне байланысты инженерлік жүйені жаңғырту мәселесі туындап отыр."Қазір коммуналдық инфрақұрылымның шамасы жетпей жатыр. Өңірге су, жылу және электр энергиясын негізінен "МАЭК-Қазатомпром" компаниясы береді. Бірақ, бұл кәсіпорындағы құрал-жабдықтардың 80 пайызының тозығы жеткен", - дейді Тоқаев.Президент бұған дейін өңірге жұмыс сапарымен келгенде кәсіпорынды жаңғырту бағдарламасын әзірлеуді тапсырғанын еске салды."Үкімет оны жүзеге асыруға қажетті қаржы көздерін қарастыруы керек. Көпке созбай, жуық арада жұмысты бастауымыз қажет", - деп қадап айтты Тоқаев.Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/04/25/042508_41:0:2772:2048_1920x0_80_0_0_116f0a8dac96391554f73c3ca4dc85c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, су
Президент тұрғындардың суға кезегі жайлы: мұндай жағдайға шыдап отыруға болмайды
Тоқаев Кендірлі ауылындағы су тұшытатын зауыттың құрылысын бастауды тапсырды
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Президенттің айтуынша, Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту керек.
"Ауыз судың жетіспеуі – тұрғындарды алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі. Су тұшытатын зауыттардың қуаты әлсіз болғандықтан, қалалар мен ауылдарда жаз кезінде су белгілі бір уақытта ғана беріледі. Ал, биылғы мамыр айында қала тұрғындары су таситын көліктің кезегінде тұруға мәжбүр болды. Мұндай жағдайға шыдап отыруға болмайды", - деді Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесу барысында.
Ол 2025 жылға қарай облыста суға деген сұраныс 260 мың текше метрге дейін өсуі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Мен бес жыл ішінде өңірдегі барлық қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойып отырмын. Әкімдік бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Менің тапсырмаммен жыл аяғына дейін 12 ауыл орталықтан берілетін су жүйесіне қосылады", - деді президент.
Сондай-ақ өңірде 2025 жылға дейін су тұшыту жөніндегі 9 жоба, магистральді су құбырын салу және қайта жаңғырту жөніндегі 4 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, мерзімі созылып бара жатқан жобалар да бар.
"Кендірлі ауылындағы су тұшытатын зауыттың құрылысын бастау керек. 33 жыл бұрын пайдалануға берілген Астрахань – Маңғыстау су құбыры әбден тозған. Оны жаңғырту және кеңейту жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Үкімет және "Самұрық-Қазына" қоры барлық жұмысты мерзімінде орындауға тиіс", - деді ол.
Бұған қоса мемлекет басшысы "МАЭК-Қазатомпромның" қуатын арттыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Өңірдің үздіксіз дамуына және халық санының өсуіне байланысты инженерлік жүйені жаңғырту мәселесі туындап отыр.
"Қазір коммуналдық инфрақұрылымның шамасы жетпей жатыр. Өңірге су, жылу және электр энергиясын негізінен "МАЭК-Қазатомпром" компаниясы береді. Бірақ, бұл кәсіпорындағы құрал-жабдықтардың 80 пайызының тозығы жеткен", - дейді Тоқаев.
Президент бұған дейін өңірге жұмыс сапарымен келгенде кәсіпорынды жаңғырту бағдарламасын әзірлеуді тапсырғанын еске салды.
"Үкімет оны жүзеге асыруға қажетті қаржы көздерін қарастыруы керек. Көпке созбай, жуық арада жұмысты бастауымыз қажет", - деп қадап айтты Тоқаев.
Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүр.