Спорт

АҚШ-та жекпе-жек кезінде нокаутқа түскен қазақстандық боксшы комада жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) ауыр нокауттан кейін комаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен бокс кешінде супер орта салмақтағы WBA тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынған болатын. Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельмен (7- 0,6 КО) жұдырықтасты. Ал соңғы раундта ауыр нокаутқа түсті.
Осы жекпе-жектен кейін Айдосты зембілмен алып кетті. Ал ауруханада миына қан құйылып кеткені анықталды. Боксшы комаға түсті, жағдайы ауыр.
Сарапшылар Айдостың ұтылатыны анық байқалды деп отыр. Алайда рефери де, қазақстандық боксшының командасы да жекпе-жекті тоқтатпаған.
Жаңалықтар
0