Өңірлер

Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде қар жауады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. 8-10 қараша күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр.
Қазгидромет ақпаратынша, жаңа жұмыс аптасының басында ауа райы құбылады. Елдің басым бөлігінде қар жауады, тек оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр күтілуде.
8 қарашада шығыстың жекелеген аудандарында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың тау бөктері мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады, солтүстік жартысында бұрқасындатады.
"Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер болжанып отырған жоқ", - деді синоптиктер.
8 қарашада ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Астанада күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде -4, күндіз -1 градус суық.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +9, күндіз +5 градус жылы.
Шымкентте де күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +8, күндіз +5 градус жылы.
Жаңалықтар
0