Қоғам

"Пропискасы" жоқ қазақстандықтарға SMS келсе, не істеу керек

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2022
Жазылу
Ішкі істер министрлігі тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS жібере бастады. Хабарлама 1414 нөмірінен келеді. Дәл осындай хат түссе, не істеу керек? Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Бүгінде қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеле алады. Бұл үшін смартфон болса жеткілікті. Егер сізге 1414 call-орталығынан СМС келсе, ең алдымен, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "Мекенжай" бөлімінде "прописканың" бар-жоғын тексеріп алыңыз. Егер тұрғылықты мекенжайыңыз шықпаса, https://egovmobile.page.link/P4008 немесе eGov.kz порталында тіркеуден өту қажет.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін SMS-хабарламамен бірге сілтеме жолданады. Тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін сол сілтемеге өту керек немесе мына нұсқаулықты орындау қажет:
мобильді қосымшада авторизациядан өту;
"Қызметтер" бөлімін таңдау;
"Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімінен "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметін таңдау;
келу мақсатын, қоғамдық санатты, білім деңгейін және басқа да деректерді толтыру;
тұрғын үйге меншік құқығын таңдау (егер сіз баспана иесі болсаңыз, мекенжайдың тіркеу кодын енгізіңіз немесе үйіңіздің орналасқан жерін көрсетіңіз);
егер сіз тұрғын үй иесі болмасаңыз, меншік иесінің ЖСН/БСН енгізіп, тіркеу мекенжайын көрсетіңіз;
өтінімге қол қою;
меншік иесінің жеке кабинетіне хабарлама келеді, кейін ол өтінімді растайды немесе кері қайтарады.
Меншік иесі өтінімді растағаннан кейін қызмет нәтижесі 15 минут ішінде пайда болады.
Сондай-ақ eGov.kz порталының өзінде де тіркелу мүмкіндігі бар. Ол үшін "Азаматтық, миграция және иммиграция" бөлімінен "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" бөліміне өтіп, "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу" деп аталатын қызметті таңдайсыз. Тіркелу сәтті өту үшін үй иесі eGov.kz порталындағы "жеке кабинетте" өтінімді растауы қажет.
Үй иесі уақытша тіркеуден бас тартқан жағдайда жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының көші-қон қызметіне жүгіну керек.
Бұдан бөлек, азаматтар кез келген ХҚКО-да тұрғылықты жері бойынша тіркеле алады. Ол үшін құжаттардан тек жеке куәлік қажет. Сонымен қатар, үй иесі де сізбен бірге ХҚКО-ға барып, тіркеуге өз келісімін беруі шарт.
"Пропискаға" тұрудың тағы бір оңай жолы – Halyk Homebank мобильді қосымшасы. Оны App Store немесе Play Market-тен ұялы телефонға жүктеп алуға болады. Тіркеу процедурасы небәрі бір минут уақыт алады.

Тіркелмегендер қалай жазаланады

Тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі жоқ азаматтар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.
Атап айтқанда, 10 күннен 1 айға дейінгі мерзім болса, ескерту жасалады. Ал бір айдан асқан жағдайда 7 айлық есептік көрсеткіш (21 441 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Жаңалықтар
0