Өңірлер

Маңғыстауда үш баланың анасын бір айдан астам уақыт бойы іздестіріп жатыр

© PhotoӘйел бейнесі
Әйел бейнесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2022
Жазылу
Ол ауруханаға жұмысқа кеткеннен кейін оралмаған
АСТАНА, 6 қараша - Sputnik. Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 27 жастағы үш баланың анасы Жәния Абдуллаеваны бір айдан астам уақыт іздеп жатыр.
Аймақтық inaktau басылымының хабарлауынша, 29 қыркүйек күні Бейнеу ауылында жас келіншек үйінен шығып кеткен.
Туыстары ол Ақтауға кетуі мүмкін деп болжайды. Полицейлер әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау пойызына билет сатып алғанын анықтады.
"Бойы - шамамен 160-165 см, ернінің үстінде меңі бар. Киімі: тізеге дейін сұр күрте, көк шалбар, қара етік", - деді полицейлер.
Хабар-ошарсыз кеткен адамның қайда екені туралы мәлімет білетіндер полицияға хабарласа алады.
Жаңалықтар
0