https://sputnik.kz/20221106/astana-zhana-bilim-ortalygy-29086712.html
Астанада жаңа білім орталығы ашылды
Астанада жаңа білім орталығы ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Астанада жаңа білім орталығы ашылды. Мұнда балалар мен жасөспірімдер өз білімі мен шығармашылық қабілеттерін одан әрі жетілдіреді. 06.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-06T18:20+0500
2022-11-06T18:20+0500
2022-11-06T18:20+0500
елорда тынысы
білім
https://sputnik.kz/img/251/70/2517027_0:301:5859:3596_1920x0_80_0_0_1f5e749a334a5a443ce4c9eaca1fc31f.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Астанада жаңа білім орталығы ашылды. Мұнда балалар мен жасөспірімдер өз білімі мен шығармашылық қабілеттерін одан әрі жетілдіреді.Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірімдер "Жақсылық арифметикасы" оқу орталығында бәсекеге қабілетті, сапалы білім алады.Орталықтың ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен мұндай нысандардың санын көбейту қажет екенін қадап айтты."Қаламызда 150-ден астам қосымша білім беру орталығы бар, онда 200 мың бала білім алып жатыр. Дегенмен, елорданың кейбір аудандарында олардың саны әлі де жеткіліксіз. Атап айтқанда, жаңа орталық орналасқан Сарыарқа ауданының тұрғындарынан балалардың бос уақытын өткізуге арналған орындардың жоқтығы туралы көптеген шағым түскен", - деді ол.Жаңа орталықтың директоры Ұлжан Мырзағалиева білім беру нысанының мақсаты көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларын тегін және 50% жеңілдікпен оқыту екенін атап өтті.Мұнда 300-ге дейін бала оқи алады. Орталықтың бағдарламасында 10 пән бар.Орталықта ым-ишара, робототехника, ментальды арифметика, вокал, тоғызқұмалақ үйірмелері бар. Сондай-ақ логопед маманның қызметтерін пайдалануға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/251/70/2517027_331:0:5526:3896_1920x0_80_0_0_ec32d1d08ab09c919b1c57c5ff5fb51e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Астанада жаңа білім орталығы ашылды. Мұнда балалар мен жасөспірімдер өз білімі мен шығармашылық қабілеттерін одан әрі жетілдіреді.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірімдер "Жақсылық арифметикасы" оқу орталығында бәсекеге қабілетті, сапалы білім алады.
Орталықтың ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен мұндай нысандардың санын көбейту қажет екенін қадап айтты.
"Қаламызда 150-ден астам қосымша білім беру орталығы бар, онда 200 мың бала білім алып жатыр. Дегенмен, елорданың кейбір аудандарында олардың саны әлі де жеткіліксіз. Атап айтқанда, жаңа орталық орналасқан Сарыарқа ауданының тұрғындарынан балалардың бос уақытын өткізуге арналған орындардың жоқтығы туралы көптеген шағым түскен", - деді ол.
Жаңа орталықтың директоры Ұлжан Мырзағалиева білім беру нысанының мақсаты көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларын тегін және 50% жеңілдікпен оқыту екенін атап өтті.
Мұнда 300-ге дейін бала оқи алады. Орталықтың бағдарламасында 10 пән бар.
Орталықта ым-ишара, робототехника, ментальды арифметика, вокал, тоғызқұмалақ үйірмелері бар. Сондай-ақ логопед маманның қызметтерін пайдалануға болады.