Үкіметте пайдалы қазбаларды барлауға лицензия берудің заңдылығы мәселесі қаралды

© Sputnik / Болат ШайхиновҮкімет ғимараты
Үкімет ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Үкіметте қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға лицензия берудің заңдылығы мәселесі қаралды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Үкімет үйінде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
"Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады", - делінген хабарламада.
Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.
Жаңалықтар
0