Өңірлер

Шахтадағы апат: комиссия көмір үгіндісінің бықсып жатқанын анықтады

Ленин атындағы шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Арнайы комиссия Ленин атындағы шахтаны тексеру барысында көмір үгіндісінің бықсып жатқанын анықтады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
Комиссия 3 қарашада болған трагедияның мән-жайын анықтау үшін шахтаны тексеріп жатыр.
Иманқұловтың айтуынша, қайта тұтану немесе жаңа өрт ошағы жоқ. Қазір мамандар бықсып жатқан аумаққа су құйып жатыр.
"Ешқандай да өрт жоқ. Жұмыс барысында комиссия көмір үгіндісінің бықсып жатқанын анықтады. Оған су құю үшін шұғыл түрде тиісті бөлімшелер шақырылды. Бұл бұған дейінгі апаттың салдары шығар. Жаңа өрт ошағы жоқ. Бұл жайт комиссия жұмысы барысында анықталды, шахта әлі жабық. Қазір су құю жұмыстары жүріп жатыр", - деді Иманқұлов.
Еске салсақ, 3 қараша түнгі сағат үште "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында метан жарылды. Төтенше жағдай кезінде жер астында 106 кенші болған. Бес адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға түсті.
Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты барлық сегіз шахтаның жұмысы бір тәулікке тоқтатылды.
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Қарағанды ​​облысындағы шахтада қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды
Жаңалықтар
0