https://sputnik.kz/20221105/reseyde-damkhana-ortendi-13-adam-qaza-tapty-29067162.html
Ресейде дәмхана өртенді: 13 адам қаза тапты
Ресейде дәмхана өртенді: 13 адам қаза тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қараша - Sputnik. Кострома қаласындағы "Полигон" дәмхана-түнгі клубында болған өрт 3,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы Ресейдің төтенше... 05.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-05T13:09+0500
2022-11-05T13:09+0500
2022-11-05T13:09+0500
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/05/29064148_0:108:2568:1553_1920x0_80_0_0_300ec4c9984f670dd58d15a3b6e1d7b9.jpg
АСТАНА, 5 қараша - Sputnik. Кострома қаласындағы "Полигон" дәмхана-түнгі клубында болған өрт 3,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.Құтқарушылардың мәліметінше, өрттен 13 адам қаза тапқан, төрт адам жараланған. Оқиға орнынан 250 адам эвакуацияланды.Ведомствоның облыстық басқармасы төтенше оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін екі сағатқа жуық уақыт өткенде өрт оқшауланғанын айтты. Сондай-ақ БАҚ өрт сөндіруге жеке құрамдағы 221 адам, 38 техника және екі өрт сөндіру пойызы қатысқанын хабарлады.Ресейдің тергеу комитеті Кострома дәмханасындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады."Кострома қаласының Никитская көшесінде орналасқан "Полигон" дәмханасында болған өрт салдарынан адамдардың көз жұмуына қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 109-бабының 3-бөлігінде (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/05/29064148_0:0:2568:1926_1920x0_80_0_0_01edb2231b20ebf64e1e14d79e0f5c39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт
АСТАНА, 5 қараша - Sputnik. Кострома қаласындағы "Полигон" дәмхана-түнгі клубында болған өрт 3,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрттен 13 адам қаза тапқан, төрт адам жараланған. Оқиға орнынан 250 адам эвакуацияланды.
Ведомствоның облыстық басқармасы төтенше оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін екі сағатқа жуық уақыт өткенде өрт оқшауланғанын айтты. Сондай-ақ БАҚ өрт сөндіруге жеке құрамдағы 221 адам, 38 техника және екі өрт сөндіру пойызы қатысқанын хабарлады.
Ресейдің тергеу комитеті Кострома дәмханасындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Кострома қаласының Никитская көшесінде орналасқан "Полигон" дәмханасында болған өрт салдарынан адамдардың көз жұмуына қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 109-бабының 3-бөлігінде (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.