https://sputnik.kz/20221105/prezident-qazaqstan-elshiler-29069951.html
Президент Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады
Президент Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы және Аустриядағы елшілерін қабылдады. 05.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-05T15:33+0500
2022-11-05T15:33+0500
2022-11-05T15:33+0500
саясат
елші
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105051_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_4cbfa4616d6011350b437c7005dd51e6.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы және Аустриядағы елшілерін қабылдады.Президент Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейтіп, тату көршілік байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанның Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады.Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілеріне серіктес мемлекеттермен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105051_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_54c40c6049d14258d94e4cd4c96f9f20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елші
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы және Аустриядағы елшілерін қабылдады.
Президент Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейтіп, тату көршілік байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанның Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады.
Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілеріне серіктес мемлекеттермен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.