Петропавлда көпқабатты үйде лифт сымарқаны үзіліп, ер адам қаза тапты

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт кабинасы
Лифт кабинасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 5 қараша – Sputnik. Петропавлда лифт сымарқаны үзіліп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"4 қарашада Петропавл қалалық полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сымарқан үзіліп, салдарынан 39 жастағы ер адам сегізінші қабаттан шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті", - деді полиция.
Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында прокуратура мен Петропавл қаласы полиция басқармасы жедел тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0