Өңірлер

Петропавлда қалың қардан жол апаты жиіледі

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлды қар басты
Петропавлды қар басты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Петропавлда жұма күні кешке басталған қар түні бойы жауды. Сенбі күні қалада боран мен көктайғақ болды, соның салдарынан қала жолдарында оннан астам жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазір Петропавл көшелерінде қар тазалайтын машиналар жұмыс істеп жатыр. Кешеден бері 7 миллиметрге жуық қар түсті. Коммуналдық қызметтер дереу жолдарды қардан тазартуға кірісті.
© Sputnik / Елена БережнаяҚар тазалау жұмыстары
Петропавловск завалило снегом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Қар тазалау жұмыстары
"130 километр магистральді көшелер тазартылып жатыр. 23 техника жұмылдырылды. Тағы 19 техника тротуарлардағы қарды шығарды, 3 техника жол жиегіне көктайғаққа қарсы материал төкті. Қар тазалауға 17 техника мен 30 адам жұмылдырылды. Кешкі және түнгі уақытта барлық магистральді көшеде механикаландырылған тазалау жұмыстары жоспарланған", - деді Петропавл әкімі Руслан Анбаев.
© Sputnik / Елена БережнаяҚалада қалың қар жауды
Петропавловск завалило снегом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Қалада қалың қар жауды
Оның айтуынша, қыста қар тазалау жұмыстарына барлығы 154 техника жұмылдырылады.
"Естеріңізге салсам, қар көп жауғанда қар тазалау магистральді көшелерден басталады, содан кейін іргелес көшелер тазартылады. Жолдардың қауіпті учаскелеріне құм-тұз қоспасы себіледі. Қысқы маусымда оның қоры 2 мың текше метрді құрайды", - деді әкім.
Сондай-ақ қала әкімі облыс орталығындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жолдады.
© Sputnik / Елена БережнаяАуа райының қолайсыздығынан жол апаты жиіледі
Петропавловск завалило снегом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Ауа райының қолайсыздығынан жол апаты жиіледі
"Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте қалада 14 жол апаты тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа райы нашарлады, көше көктайғақ. Сондықтан жолда мұқият болуға шақырамын", - деді Руслан Анбаев.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлағандай, таңғы сағат 8-ден бері жол апаты туралы бес хабарлама түскен және әлі де жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0