https://sputnik.kz/20221105/masa-men-burge-arqyly-zhugady-oral-turgynynyn-terisinen-qurt-shyqty-29062435.html
Маса мен бүрге арқылы жұғады: Орал тұрғынының терісінен құрт шықты
Маса мен бүрге арқылы жұғады: Орал тұрғынының терісінен құрт шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Орал тұрғынының терісінен құрт шықты. Адамдарда өте сирек кездесетін дертті ол жануардан жұқтырған болуы мүмкін. 05.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-05T10:39+0500
2022-11-05T10:39+0500
2022-11-05T10:39+0500
құрт
орал
маса
бүрге
https://sputnik.kz/img/old/1281/67/12816789_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_7d3834b277a10e05904e8231d34dce39.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Орал тұрғынының терісінен құрт шықты. Адамдарда өте сирек кездесетін дертті ол жануардан жұқтырған болуы мүмкін.Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, "дирофиляриоз" дерті биыл бірінші рет анықталып отыр. Қатерлі ауруды жұқтырған науқасқа дереу операция жасалып, терідегі құрт сылынып алынған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Бұған дейін бұл дертті әсіресе ит-мысық жұқтырса, соңғы жылдары адамдар арасында да тарала бастады дейді мамандар. Қанмен тарайтын инфекция көбіне маса мен бүрге секілді қансорғыш жәндіктер арқылы жұғады.Дирофиляриозді жұқтырған жанның терісінің астында түйін пайда болады. Егер уақытылы емделмесе, ауру асқынуы мүмкін."Дирофиляриозды барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін. Дегенмен ит пен мысық өсірушілер, ашық су қоймалары жанында тұратын адамдар және табиғат аясына жиі шығатын адамдар үшін жұқтыру қаупі жоғары болады. Қатты қышып, ауырсыну сезімдері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн", - дейді БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айшат Ұзақбай.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1281/67/12816789_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_7d10a47fe4e44b77c91fe36c7f995a72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
құрт, орал, маса, бүрге
Маса мен бүрге арқылы жұғады: Орал тұрғынының терісінен құрт шықты
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Орал тұрғынының терісінен құрт шықты. Адамдарда өте сирек кездесетін дертті ол жануардан жұқтырған болуы мүмкін.
Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, "дирофиляриоз" дерті биыл бірінші рет анықталып отыр. Қатерлі ауруды жұқтырған науқасқа дереу операция жасалып, терідегі құрт сылынып алынған, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Бұған дейін бұл дертті әсіресе ит-мысық жұқтырса, соңғы жылдары адамдар арасында да тарала бастады дейді мамандар. Қанмен тарайтын инфекция көбіне маса мен бүрге секілді қансорғыш жәндіктер арқылы жұғады.
Дирофиляриозді жұқтырған жанның терісінің астында түйін пайда болады. Егер уақытылы емделмесе, ауру асқынуы мүмкін.
"Дирофиляриозды барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін. Дегенмен ит пен мысық өсірушілер, ашық су қоймалары жанында тұратын адамдар және табиғат аясына жиі шығатын адамдар үшін жұқтыру қаупі жоғары болады. Қатты қышып, ауырсыну сезімдері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн", - дейді БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айшат Ұзақбай.