Елорда тынысы

Астанада 2023 жылы тағы бір көпір ашылады

© Photo : Пресс-служба акима Астаны Көпір құрылысы
Көпір құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Елордада Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан автокөлік көпірінің құрылысының 2023 жылы аяқталады.
Қала әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысының барысымен таныстым.
"Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Бұл көпірді 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп жазды Астана әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қараша айында А62 көшесінде (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі аралық) қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Бұл көше Қарағанды тас жолы, "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы және қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
© Photo : Пресс-служба акима Астаны Көпір құрылысы
Строительства моста по проспекту Тауелсиздик через реку Есиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Көпір құрылысы
Көлгінов биыл тамызда Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір ашылғанын еске салды. Көпір Мәңгілік ел даңғылына, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев, Ж. Нәжімеденов көшелеріне, Nova City ауданына, "Мыңжылдық" аллеясында көлік ағынын сейілтуге, "Нұрлы жол" жаңа вокзалына, Тельман және Промышленный елді мекендеріне, Метро гипермаркетіне, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т.б. қолжетімділікті арттырады.
Бұдан бөлек, әкім соңғы жылдары 400-ден астам көше жөнделгенін, олардың жартысы елді мекендерде орналасқанын атап өтті.
Жаңалықтар
0